Қытайда ғаламторға тәуелді балаларды қалай емдейді
Қытайда 18 жастағы жеткіншек ғаламторға тәуелділіктен оңалту орталығына қаралған соң көз жұмды. Баланы орталыққа ата-анасы өткізген.
Баланың денесінде көптеген жара іздері болған. Қазір қызметкерлері ұсталып, оңалту орталығының өзі уақытша жабылды.
Қытайда ғаламторға тәуелділіктен емдеу орталықтары көп сұранысқа ие. Олардың кейбірінді әскердегідей қатаң тәртіп.
Марқұм баланың анасы Лю баласының ғаламторға тәуелді болып қалғанын, сондықтан оны емдеу үшін арнайы орталыққа өткізгенін айтады. Орталықтың жарнамасында «психологиялық кеңес беріп, физикалық дайындықтан өткіземіз» деп жазылған. Алайда екі күннен сң қызметкерлері хабарласып, баланы ауруханаға апаруын сұраған. 18 жастағы жеткіншек алған жарақаттарынан емханада көз жұмды.
Көптеген оңалту орталықтарын, мәселен, Пекиндегі әскери емханада тәуелділіктен арылту үшін энцефалограмма жасалады
Марқұм баланың анасы Лю баласының ғаламторға тәуелді болып қалғанын, сондықтан оны емдеу үшін арнайы орталыққа өткізгенін айтады. Орталықтың жарнамасында «психологиялық кеңес беріп, физикалық дайындықтан өткіземіз» деп жазылған. Алайда екі күннен сң қызметкерлері хабарласып, баланы ауруханаға апаруын сұраған. 18 жастағы жеткіншек алған жарақаттарынан емханада көз жұмды.
Өлімнің нақты себебі белгісіз. Анасы баласының денесін мәйітханада көрген. Ол денесінде көптеген жарақат ізі болғанын айтты. Орталыққа апарғанға дейін баланың денесінде ешқандай із болмаған.
Бұл оқиға желіде қызу талқыланды. Қолданушылар бұған тәрбиенің жетіспеуі себеп екенін айтты. Көпшіліктің айтуынша, ата-аналар істі өз қолына алғаннан гөрі сырттан көмек күтеді.
Елдегі мұндай оңалту орталықтарының көбі мемлекеттік емхана ретінде ашылады. Оларға жеке тұлғалар демеушілік көрсетіп жатады.
Былтырғы жылы әлдебір бойжеткеннің өзін оңалту орталығына өткізгені үшін анасын өлтіргені жайлы хабарланған еді. Орталықта қызға да күш көрсетіп қинаған.
Мамандардың айтуынша, орталық жарнамасын мақтап жазғандықтан, көп адам соған сеніп қалады.
Қытай билігі қатігездік танытып, тоқпен терапия жасайтын мұндай орталықтардың жұмысын тексере бастады. Компания жасөспірімдердің онлайн ойындарға кіруіне тыйым салды.
Тағы да оқыңыз:
Мас әйелмен жақындасқан үш жігітке дүре соғып, түрмеге қамайтын болды
Ерлі-зайыпты ғаламторда танымал болу үшін өз балаларын қорлап келген (видео)
Ресейлік бала күтушісі оларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды