Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қызына “бетперде” атанған немересін тастап кетуге кеңес берген (фото)

Қытайдың Хунань аймағында Хукэнг есімді бүлдіршін ерекше кемістікпен туған. 2009 жылдың 4 наурызында дүниеге келген бүлдіршін бір қарағанда бетперде киіп алғандай көрінеді. Анасы оны ең бірінші рет көрген кезде қатты қайғырған екен.

3C12452300000578-0-The_child_born_inChina_s_Hunan_Province_suffered_from_a_severe_t-a-35_1484220370140

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Аталған оқиға 2010 жылы басылымдарда пайда болып, жұрт оны “бетперде бала” деп атап кеткен болатын. Бастапқыда дәрігерлер баланы анасына көрсетуге қатты қорыққан. “Мен баланың шыңғырып жылап жатқанын естідім. Жүрегім сол сәтте қан жылады. Ол неге сонша қатты жылап жатыр екен деп ойландым”, – дейді анасы.

Бұдан кейін 23 жастағы ана қандай шешім қабылдайтынын білмеген. Оның үстіне Доплер ультрадыбыстық тексеру кезінде баланың бойында кемістіктің бары байқалмаған. Ал Хукэнгтің әжесі баланы тастап кетуге кеңес берген.

3C12A1BA00000578-0-In_2010_Huikang_underwent_two_surgical_operations_at_the_No_163_-a-37_1484220399316

“Бұл оның терісіндегі өзгеріс қана емес. Оның жоғарғы жақ сүйегі сынып кеткен” дейді дәрігер Ван. Яғни оған ота терісімен қоса сүйегіне де жасалады. Ал бұған көп ақша керек.

Оқиға жұрт арасында тарала бастаған соң, қайырымдылық қоры ұйымдастырылады. Шамамен 400 000 юань жиналады. Осы ақшаға балаға ота жасалады. 19 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Хукэнгке екі мәрте ота жасалды. Ота №163 әскери госпитальде жасалды.

3C12A1C400000578-0-TV_footage_at_the_time_showed_that_Huikang_had_already_looked_be-a-38_1484220403284

Дәрігер Дукуэнг екі отаның да сәтті өткенін айтқан. Алайда баланың жақ сүйегінің дұрыс өскенін байқау үшін 10 жыл қажет екен.

3C12452800000578-0-Rare_condition_Two_huge_gaps_appear_from_both_sides_of_Huikang_s-a-36_1484220375941

Жұрт баланың оқиғасына қарап, оған көмектесудің түрлі жолын іздеген. Ол туралы әртүрлі онлайн форумда жазған.

3C12451000000578-0-Huikang_s_mother_left_said_she_was_devastated_when_she_saw_her_b-a-33_1484220357946

Өкінішке орай, отадан кейін бүлдіршіннің жағдайы толықтай жақсарып кетпеген. Репортер Лю Цзюнь ата-ананың баласымен хабарласа алмағанын айтып жатыр. Соңғы рет 2010 жылы сөйлескен екен. Нәтижесінде ол баланың жазылып-жазылмағанын білмейді.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар тісті пломбасыз емдеудің тәсілін тапты

«Бешбармақ» сөзі ғалымдардың шамына тиді

Ғалымдар екі кометаның Жерге жақындап келе жатқанын айтты

Ғалымдар жақында адамды жасартатын дәрінің шығатытын айтты

Талқылау