Қытайда 80 миллион доллар ұрлаған әйел өлім жазасынан құтылып кетті
Қытайда әйел адам 2006 жылдан бастап түрлі жобаларға инвесторлар тартумен айналысып, алаяқтық жасап келген.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.
1,23 миллиар юнаь ұрлады деп айыпталған әйелге кесілген өлім жазасын Ішкі Моңғолия соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырған.
Ол 2006 жылдан бастап түрлі жобаларға шетелдік инвесторларды тартумен айналысып келген. Ол түскен ақшадан 552 млн юанды (79,5 млн доллар) пайдаланып, ол ақшаға автокөлік, түрлі әшекей бұйымдар сатып алыпты.
2013 жылы әйелге ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасы кесілген. 2015 жылы ҚХР Жоғарғы соты оның ісін қайта қарауға жіберіп, алаяқтың полицейге өз еркімен берілгенін есепке алады.
Ал бірер күн бұрын шыққан шешім бойынша, әйел енді жазасын өмір бойы түрмеде өтемек.
Оқи отырыңыз:
Стамбұлдағы терактіні жасады делінген қырғыз жігіті бұл айыптауды жоққа шығарды (видео)
ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен
Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді
Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған