Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны жапты

Қытай Халық Республикасында білім күні тойлануына байланысты Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ақпаратты қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та растады. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қаржы министріне ел шекарасында жаңа электронды жүйе енгізу туралы сауал қойған еді.

“Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз бірінші қазаннан бастап “Астана-1” ақпараттық жүйесінің алғашқы бөлігін енгіздік. “Электронды шекара” деп аталатын шартты атаумен республика бойынша енді бүкіл транзит жаңа жүйеде рәсімделетін болады. Көрші елде мерекенің тойлануына байланысты қазақ-қытай шекарасы жабылып, ол жақтан келетін ағын тоқтап тұр. Декларацияның рәсімделуінің орташа уақыты 16 минутты құрады. Бұл ескі жүйемен салыстырғанда 4 есеге аз”, – деді Сұлтанов.

Еске салсақ, ҚХР-да білім жүйесінің 68 жылдығы аталып өтуде.

Оқи отырыңыз:

Блогер: Қазір қазақ үшін қонақ шақыру да, қонаққа бару да өте тиімсіз

3800 немесе 4000 теңге: Астана әкімдігі жолақыға қатысты түсініктеме берді

7-сынып оқушысы жалаңаш күйінде педофилден қашып құтылды

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Талқылау