Қытай ғарышта күн электр станциясын салмақ
Қытайлық ғалымдар ғарышта күннің қуатын жинап, оны сәуленің көмегімен Жерге жіберетін орбиталық электр станциясын дайындап жатыр.

Сурет: SCIENCE PHOTO LIBRARY
Бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қытайлық БАҚ мәліметінше, Чунцин қаласында ғарыштан сәулені қабылдайтын тәжірибелік базаның құрылысы басталып кеткен.
Электр станциясының алғашқы сынақтық нұсқасын 2021-2025 жылдардың аралығында стратосфераға жіберу жоспарланып отыр.
Ғарыштық электр станциясының жасалып жатқаны туралы бірінші болып Science and Technology Daily басылымы хабарлаған еді.
Басылым мәліметінше, құрылғы 36 мың шақырымға жуық биіктікте геостационарлық орбитада, яғни бір нүктеде тұрып, Жермен қатар айналып тұруы тиіс.
Жердегі күн панельдерімен салыстырғанда, ғарыш станциясы қуатты тәулік бойы, ауа райы, мезгілдер мен тәуліктің ауысуына қарамастан 6 есе тиімдірек өндіреді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"