Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыстыгүні аяқ пен қолды сынудан сақтап, үсіп қалмау үшін не істеу керек

Қыс мезгілінде қол-аяқтың әр түрлі сынулары орын алады. Оларды қалай болдырмауға болады? «Арасан Ақтөбе» ЖШС бөлімінің бастығы Алмагүл Айтқұлова осы жайында кеңестерімен бөліспек. Бұл туралы Diapazon.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Бәріне плитка, биік өкше мен капюшон кінәлі

Көктайғақ кезінде құлап, бір жеріңізді сындырып алмас үшін ең алдымен ұқыптырақ болып, сақтықпен жүру керек. Әрбір қадамыңызды абайлап басыңыз. Қардан, мұздан тазаланбаған көшелермен ең дұрысы жүрмегеніңіз абзал. Қыс мезгіліне ең дұрысы табаны жалпақ аяқ киім алғаныңыз жөн. Бірақ, аяқ киімнің табаны тайғанамайтын материалдан болуы керек. Сонымен қатар, тайғанауды болдырмас үшін аяқ киімнің бас жағы мен өкше жағына жабысқақ пластырь жабыстырып қойсаңыз болады. Плитка төселген көшелерден сақ болып өтіңіз. Ұстайтын жері ұзындау, иыққа іліп жүретін сөмкеден қыс мезгілінде бас тартқаныңыз жөн. Себебі, мұндай сөмке ауыр салмағымен төменге қарай тартып тұрады. Және де жарақат алуға сырт киімнің капюшоны да себепкер болады. Ол жолдан өткенде, жолдағы жағдайды бақылауда ұстау кезінде кедергі келтіреді.

Дұрыс құлау маңызды

Жарақат алудың басты себебі, көбіне дұрыс құламау салдарынан болады. Құлау кезінде отырып қалсаңыз, сіз құлайтын биіктік қысқарады. Басыңызды еңкейтіп, шынтағыңызды жан бүйіріңізге қарай қысыңыз. Ешқашан қолдарыңызды жазып құламаңыз. Жан бүйіріңізге құлауға тырысыңыз, егер адам арқасымен құласа онда омыртқа мен басты жарақаттап алу қаупі жоғарылайды. Ал, егер арқамен құлап жатсаңыз иегіңізді кеудеңізге қарай қысып, қолдарыңызды барынша жайыңыз. Бұл сізді бас сүйегіңіз бен миыңыздың соққы алуынан сақтап қалады. Тайғанақ баспалдақтан құлап жатсаңыз басыңыз бен бетіңізді қорғауыңыз өте маңызды. Оларды қолыңызбен жауып қалуға тырысыңыз. Аяқ-қолдарыңызбен құлап жатқан сәтіңізді тоқтатуға талпынбаңыз, бұл тек сүйектердің сынуын көбейтеді.

Мұз үстінде ағаш таяқпен жүру

Көбінесе жасы егде тартқан қариялар сүйек құрылымындағы өзгерістерге байланысты, мүгедектікке алып келетін өте ауыр жарақаттар алып жатады. Жасы ұлғайған сайын сүйектер мырт сынғыш келеді. Тіпті, кішігірім соққының өзі күрделі жағдайларға әкеліп жатады. Сол себепті, жасы үлкен кісілер көктайғақ кезінде, қасында алып жүретін адамы болмаса көшеге шықпағандары дұрыс. Ал, егер далаға шығу аса қажет болып жатса ағаштан жасалған, табаны металлмен қапталған таяқпен сүйеніп жүргені абзал. Бұл қарт кісілерді көктайғақ кезінде құлап кетуден қорғайды.

Үсіп қалудан сақтанамыз

Үсу – қыс мезгілінде орын алатын жарақаттың бірі түрі. Егер ауа тым ылғал болса адам аяғы +4 градуста да тоңуы мүмкін. Сол себепті, аяқ киім жылы әрі кеңдеу болуы керек. Үсік шалған кезде зақымданған жерді қармен үйкемеңіз. Оның қалыпқа келуі ақырын жүруі тиіс. Үсіп қалған адам жылы жерге кірген сәтте, зақымданған дене мүшесін мойынорағышпен орап қойыңыз. Бұл дене температурасын бірден көтеріп жібермеуге көмектеседі. Егер, үсік шалған жер кішігірім ғана болса, онда сол аймақты таза жүн матамен ақырын үйкелеңіз. Зардап шеккен адамға ыстық шай беріңіз. Жарақат алған кезде тездетіп жедел жәрдем шақырыңыз. Егер, ондай мүмкіндік болмаса жақын маңдағы медициналық бөлімшеге барыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі өрттен аман қалған автобус жолаушылары ауруханадан шықты

Дәрігерлер Астанада аяғын үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді

Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдағандар ұрығын тапсырып ақша таба алады

Ғалымдар қанттың көптеген ауруға алып келетінін анықтады

Талқылау