Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқа белдемшемен жүріп арақ ішкен. Мусинованың ісі бойынша айыпталғандардың туыстары ТВ-ға шықты

Қазақстанда Есікте топтық зорлауға түскен Жібек Мусиноваға қатысты дау әлі өршіп тұр. Айыпталғандардың туыстары КТК арнасының “Наша правда” бағдарламасына қатысып, өз нұсқаларын айтты.

3df79762-930a-442e-946a-36d52a9d6399

Айыпталушылардың туыстарының айтуынша, Жібекті ешкім қинап әкетіп зорламаған. Ол екі қыз болып караокеге көңіл көтерген соң жігіттердің көлігіне отырған. Жігіттер Мусинованы үйіне жеткізіп тастамақ болады.

Әпкесін көліктен жалаңаш күйінде тауып алдым деген Жібектің ағасының сөзіне айыпталушы Ербол Ермековтың жақындары жауап бере кетті. Айтуынша, қыздың аяғында қысқа белдемшесі, үстінде майкасы болған. Киімі төбелес кезінде жыртылған болуы мүмкін. Адвокат Андрей Иванникоывтың айтуынша, Жібекпен төбелескен караокеге келуші қызға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл іс бойынша бұзақылық және дене жарақаттары бойынша бірден екі іс жүргізілуде.

Мусинованың арақ ішіп, қатты мас болғаны да анықталып жатыр.

Бұдан бөлек Жібек бір ғана адаммен жыныстық қатынаста болған. Жібек онымен караоке алдында тұрып танысқаннан кейін оған өз еркімен жақын келген.

Жігіттерді тәрбиелі, әрі мейірімді деп атаған туыстары олардың Жібек Мусиноваға қатысты әрекетін түсіндіріп бере алмады. Олар кек алуға еш себеп жоғын, Мусинованың ешкімнен ақша сұрамағанын мойындады.

Жібек Мусинованың өзі бағдарламаға келген жоқ. Бағдарлама жүргізушісі Алексей Шахматов оның қазір елді аралап тур жүргізіп жүргенін айтты. Ол #НеМолчи қозғалысының қоғамдық қайраткеріне айналып, Қазақстан қалаларын аралап дәріс өткізуде.

Жәбірленуші өзіне айтылып жатқан сын-пікірлерден шаршағанын айтады.

“Төрт жігіттің мені қорлағандарымен қоймай, енді олардың туыстары менің жүйкеме тиюде. Олар “Наша правда” бағдарламасына келіп, суретерімді көрсетуге қалай дәті барады? Менің қызымның суретін неге көрсетеді? Мен ешкімге рұқсат берген жоқпын. Олардың адвокаттары неге менің суретімді әкелмеген? Онда менің қысқа белдемшемен отырмағаным көрініп тұр. Сараптаманың барлық құжаттарын неге әкелмеген? Шахматов менің бағдарламаға келмегенімді айтады. Бірақ, кешіріп қойыңыз, мен 28-і күні шешім шыға салып, 29 күні шоуға қатысып мынадай жағымсыз пікірлерді естуім керек пе? Егер менімен төбелесуге дейін барса, еш таңғалмаймын. Мен Есікте тұрам. Қызымды мектеп апарудан қорқам. Прокуратура шағымыма сол күйі жауап берген жоқ. Мен айыпталушылардың жақындарынан мемлекет тарапына қорғана алам ба білмеймін. МЕН ӨЗІМ МЕН ЖАҚЫНДАРЫМНЫҢ ӨМІРІ ҮШІН ҚОРҚАМЫН. Мен аңдысудан, менің өмірімді талқылаудан шаршадым. Бұл оқиға менің өмірімді өзгертіп жібердім. Мен өзіме тәуелді емес секілдімін. Бірақ, неге менің жақындарым зардап шегуі керек? Мен үкіметтен бізді қорғауды сұраймын!!!, – деп жазады Жібек Мусинова өз парақшасында.

Айта кетейік, төрт ер адам 8 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шешім шыққан соң айыпталушылардың туыстары жылап, жәбірленуші Жібек Мусинованың тарапына жағымсыз сөздер айтты. Қазір айыпталушылардың адвокаты апелляция түсіруге дайындалып жатыр.

Бұған дейін бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат бергенін, куәгердің айтуынша, топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Ол өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты.

Талқылау