Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырымда “бөгдепланеталық сәбидің” сүйегі табылды

Ресейлік археологтар тобы Керчь қаласындағы Қыз-Ауыл моласын қазу кезінде басы сопақ сәбидің сүйегін тапты.

pic_7e089c18f841b27f1e60238d42e7386a

Бұл туралы «Археология» қоры хабарлады.

Мамандардың сөзінше, табылған сүйек біздің дәуіріміздің II ғасырына жатады. Нәресте варварлық дәстүр бойынша жерленген.

Сүйекті зерттеген мамандар ол өлген кезде бір жарым жас шамасында болған деген қорытындыға келген. Оның қасында ыдыс, кішкентай моншақтар, әйнек және мыстан жасалған білезік болған.

“Оның басы өмірге келген соң деформацияға ұшыраған. “Бөгдепланеталық” табылған қабаттан б.з.д I-б.з III ғасырына тиесілі жерлеу рәсімдері жиі кездеседі. Бұл уақыттарда адамдарды тас табытпен жерлеу дәстүрге айналған”, – дейді мамандар.

Бас сүйектің өзгеріп кетуі сармат тайпаларына тән құбылыс екен.

Оқи отырыңыз:

“SCAT” компаниясы Ыстанбұл әуежайында соқтығысқан ұшақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Ауыл басшылығы ағасын жазалау үшін 16 жастағы қарындасын зорлатуға шешім шығарған

Министр: Хиджаб тазалыққа қайшы келеді

Бет-әлпеті ең әдемі ер адамның кім екені анықталды

Талқылау