Құрылысты тоқтатуға ешқандай құқығымыз жоқ – Алматы әкімі қалада 40 қабатты ғимараттың салынуы туралы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада салынғалы жатқан 40 қабатты ғимараттың құрылысына қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімнің сөзінше, жер кәсіпкердің меншігінде және 2024 жылы құрылыс жүргізуге қатысты барлық рұқсаттарды алған.
“Жер жекеменшікте, иесі бар. Сызба бойынша барлық талапқа сай және барлық рұқсат құжаттары берілген. Өйткені бұл – кәсіпкердің құқығы. Бір жағынан тұрғындар өмір сүру ритміне әсер еткендіктен, қарсы шығып жатыр. Екінші жағынан бизнесті де қолдауымыз керек. Құрылыс нормаларына сәйкес келсе, нысан салынады. Сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Егер өтсе, бізде құрылысты тоқтатуға ешқандай құқығымыз жоқ”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы 40 қабатты ғимараттың құрылысы жалғасатынын хабарлаған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"