Бақытжан Базарбек құрылысқа талап қатаңдатылса Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайтынын айтты
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек құрылыс пен оны салушы компанияларға қойылатын талаптар қатаңдатылғаннан кейін Қазақстанда тұрғын үй құны қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан кадр
Депутаттың сөзінше, пәтер алғанда сапалы тұрғын үйден сатып алу керек. Ал кез-келген тұрғын үй қауіпсіздік пен сапа тұрғысынан салынуы керек.
“Өкінішке қарай, осы жылдар ішінде тұрғын үй арзан бағамен салынды. Әрине, олар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді. Тіпті қымбатының өзі талапқа сай емес. Біз құрылыс және құрылыс сапасы саласында тәртіп орнатамыз. Бұл бағаға әсер етуі мүмкін. Жер сілкіністерін, сел ағындарын, барлық қауіп-қатерді ескере отырып, жауапкершілікті күшейтеміз. Үй қымбаттауы мүмкін, мен оны жоққа шығармаймын. Нарықтың өзі оның бағасын реттейді, – деді Бақытжан Базарбек.
Айта кетсек, Депутат Аманжол Әлтаев “ұлт ұстазы” деген атақтың да қадірі кеткенін айтты.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты