Құрылыс компанияларына салынатын салықтан баспана қымбаттайды – министр
Отандық құрылыс компанияларына салынатын 16% қосылған құн салығы нарықта баспананың қымбаттауына әкеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Вице-министр көлеңкелі айналымның ең үлкен үлесі көтерме және бөлшек саудаға, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласына тиесілі екенін атап өтті. Бұған дейін ірі құрылыс компаниялары 2008 жылдан бері қосымша құн салығынан босатылып келген. Сәйкесінше, алатын барлық құрылыс заттары да шетелден қосымша құн салығынсыз тасымалданған.
Жаңа салық кодексінде бұл жеңілдікті алып тастау ұсынылған. Сарапшылар да, жауапты министрлік өкілдері де тұрғын үй бағамының шамамен 8% артады деп болжап отыр. Ал қосылған құн салығының мөлшерлемесіне қатысты нақты шешімді үкімет мүшелері алдағы бір-екі күнде парламентке ұсынады.
"Қазір ірі құрылыс компанияларымыз қосылған құн салығынан босатылған. Олардың сатып алатын тауарлары санитарлық фаянс, плитка, линолеум сияқты материалдары салықсыз келеді. Яғни құрылыс нарығы көлеңкеде қалып отыр. Егер құрылыс салушы салық төлейтін болса, ол 16% болады. Сәйкесінше, ол барлық жеткізушілерін салық төлеуге міндеттейді”, – деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.