Құрылыс компаниялары ақшаны мектеп пен балабақшаға емес, Дубайға жұмсап жатыр – Марат Шибұтов Ұлттық құрылтайда

Фото: t.me / QazAqparat_kz
Ұлттық құрылыстай отырысында саясаттанушы Марат Шибұтов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата сөз сөйлеп, құрылыс компанияларын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, компаниялар қазір әлеуметтік міндеттемелерін орындамай келеді.
"Жаппай тұрғын үй салатын құрылыс компаниялары әкімдікпен әлеуметтік инфрақұрылым салу туралы меморандум жасайды. Бірақ жауапкершілік болмаған соң мұндай нысандар салынбай қалады. Ақшаны Дубайдағы зәулім үйлерге емес, мектеп пен балабақша сынды әлеуметтік нысандарға жұмсасын", – деді ол.
Саясаттанушы мұның оқу орындары тапшылығын шешуге мүмкіндік беретін ондаған нысанға қатысты екенін айтады. Сондай-ақ барлық меморандумды тексеріп, құрылыс компанияларына қатысты жауапкершілік енгізуді ұсынды.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"