Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

“Ибарат” фольклорлық ансамблі қырғызстандықтар аспаптармен Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғауы” күйін орындады.

Сурет: ҚазАқпарат

Бұл туралы sputniknews.kz басылымы хабарлайды.

Балалар сейсенбі күні таңертең Бішкекте троллейбусте флешмоб ұйымдастырды. Балалар өнер мектебінің ұстазы Толғанай Османова аталған композицияның кездейсоқ таңдалмағанын айтты. Яғни балалар осылайша Қырғызстан мен Қазақстан президенттерін татуласуға шақырған.

“Қырғыз бен қазақ халқы тату болып, саяси жағдайларға бола ренжіспеулері қажет. Біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз ортақ. Біз екі халықтың әрдайым тату болғанын қалаймыз”, – дейді ұстаз.

Екі президент арасы Қырғызстандағы сайлауға бола бүлінген болатын. Президент Алмасбек Атамбаев Қазақстанның қырғыз елінің ішкі саяси жағдайына араласып отырғанын айтып айыптаған болатын. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауының кандидаты Өмірбек Бабановпен кездесуі басты себеп болған.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Талқылау