Қырғызстанда орыс тілін мемлекеттік тіл қылу ұсынылды
Қырғызстан парламентінде ұсыныс білдірген депутат Ирина Карамушкина 5 тілді де мемлекеттік қылып отырған елдер бар екенін мысалға келтірген.
Бұл туралы 24.kg хабарлайды.
“Егер Қырғызстанда орыс пен қырғыз тілі екеуі де мемлекеттік болса не болады? Көптеген адамдар үшін жұмысқа тұрар кезде қырғыз тілін білмеу шектеу болып жатыр. Біраз адам маған жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрады, бірақ тіл білмегендіктен мен көмектесе алмадым”, – дейді ол.
Заң бойынша барлық шенеуніктер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қырғыз тілі бойынша емтихан тапсыруға міндетті. Ал депутат Қаныбек Иманәлиев болса қырғыз тілі басым тұруы керек дейді.
“Неліктен бізде Қырғызстан тарихы бойынша диссертация орыс тілінде қорғалады? Қырғыз әдебиеті туралы еңбекті қалай ғана орыс тілінде жазуға болады? Егер біз мемлекеттік тілді дамытқымыз келсе ғылыми еңбектер де осы бағытта болуы тиіс. Миллиондаған қырғыздардың өз тілдерін білмеуі алаңдатады”, – дейді ол.
Оқи отырыңыз:
Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті
Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді
101 жастағы педофил өзі зорлаған әйелге 32 мың доллар төлейтін болды
Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды