Қырғызстан Назарбаев пен Бабановтың кездесуін Қырғыз елінің ішкі ісіне араласу деп бағалады
Қырғызстан ҚР Сыртқы істер министрлігіне Назарбаев пен Өмірбек Бабановтың кездесуіне байланысты қарсылық нотасын жолдады.
Көрші мемлекеттің сыртқы істер министрлігі аталған кездесуді Қырғызстан халқының сайлауына араласушылық деп бағалапты.
“Министрлік Назарбаев пен Қырғыз Республикасының президенттігіне кандидаттың кездесуіне қатысты түсінбестік білдіреді. Қазақстан басшысының Қырғызстанның ішкі ісіне араласпаймыз деп айтқанына қарамастан, оның сөзі қазақстандық тараптың Қырғызстанның болашақ президентіне қатысты әсері бар екенін айғақтайды”, – делінген нота мәтінінде. Осылайша Қырғызстан тарапы аталмыш кездесуді “Қырғыз халқының сайлауына әсер ету және мемлекеттің ішкі ісіне араласу” деп бағалаған.
Еске салсақ, “Ата-жұрт” партиясының төрағасы Өмірбек Бабанов пен Назарбаев кеше Алматыда кездесіп, екі жақты әріптестік мәселелерін талқылаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн
Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек
Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді
Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)