Қырғыздар киіз үй тігуден рекорд орнатты (видео)
Қырғызстанда Қызыл-Туу ауылының тұрғындары 9 минут 55 секундта киіз үй тігіп, рекорд орнатты.
Бұл туралы turmush.kg хабарлайды.
Киіз үйді жылдам тігу жарысы “Тон ааламы” жәрмеңкесі аясында Ыстықкөлдің оң жағалауында өткізілген. 6 адамнан тұратын топ басшысының айтуынша олар арнайы жаттықпаған, тек барлығы кішкентайларынан киіз үй орнатып машықтанып өскен екен.
“Біздің ауылда барлық үй киіз үй дайындаумен, және оны тігумен айналысады.
Сол себепті біз оның қыр-сырын меңгеріп алғанбыз. Біз екінші бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында 10 минут 16 секундта орнатып Гран-при жеңіп алғанбыз”, – дейді команда капитаны Толосун Бектеміров.
Киіз үйдің диаметрі 5,5 метр. Әдетте асықпай тігетін болса екі адам 40 минутта аяқтайды екен.
Оқи отырыңыз:
Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)
Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)
Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған