Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны – 33 мың доллар": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің қымбат сыйлығын көрсетті

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің ең қымбат сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Өнер иесі осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі сыйлаған сәукелені көрсетті. 

“Асыл тастармен көмкеріп, таза күмістен соқтырды. Өзі сондай ерекше әрі бағалы. Сол кезде 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады", –  деді өнер иесі.



Мәдениет қайраткерінің айтуынша, қымбат баскиімін тек Алматыда өтетін концерттерге ғана киетін көрінеді. Салмақты болғасын көтеріп жүруге де ауыр көрінеді. Одан кейін қолды болып кетуінен де қорқатынын жасырмады. 

"Жеке концертімде басымды тік ұстап тұрып кидім. Мойнымды бұруға мұршам болмады. Домбырамен жеті өлең айттым. Бір жағынан басыңды тік ұстап тұруға жақсы екен. Жеңіл баскиім кисең, кейде басың ойнап кетеді. Ал мұны кисең, еңсең көтеріліп, басқаша болып тұрасың", – деді Халық әртісі.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрынғы жазған хаттарын жариялаған еді. 
 

Талқылау