Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны 26,7 миллиард теңге": Қазақстандық кәсіпкер Атырауда ауыр машина жасау зауытын салмақ

Фото: Ибрагим Акдрашевтің жеке архивінен

Елдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Ибрагим Акдрашевтің компаниясы Атырауда құны 26,7 миллиард теңгелік ауыр машина жасау зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, жоба карточкасында зауытты NSS Machinery компаниясы салатыны көрсетілген. eGov деректеріне сәйкес, компанияның құрылтайшысы Ибрагим Абдрашев.

Банк кәсіпкерге жобаның жалпы құны 26,7 миллиард теңге болған жағдайда 16,5 миллиард теңге бөлген. Қарыз 15 жыл мерзімге берілген. 

"Банктің жобаға қатысу үлесі 62% болады, ол 16,5 миллиард теңгеге тең. Қарыз 15 жылға жылдық 12,6% сыйақы мөлшерлемесімен берілді", – деп хабарлады банктың баспасөз қызметі.

Жаңа зауыт мұнай-газ саласына арналған сыйымдылық жабдықтарын, жылу алмастырғыштарды және металл конструкцияларын өндіруге маманданбақ.

Айта кетейік, Ибрагим Ақдрашев Қазақстанның мұнайсервис саласындағы кәсіпкері. Ол 2025 жылғы Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені рейтингінде 52-орынға, ал 2024 жылы 60-орынға ие болған. Кәсіпкердің байлығы шамамен 184 млн АҚШ доллары деп бағаланады. Жасы 62-де. Ибрагим Ақдрашев "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС компаниясының иесі. Бұл компания құрылыс-монтаж жұмыстары мен сервистік қызметтер көрсетумен айналысады. Компания құрылымына "CIS Kashagan" ЖШС, "КазахНефтеГазСервис" ЖШС, "Kentz Kazakhstan" ЖШС және "Батысстройконтракт Лтд" ЖШС кіреді.



Еске салайық, бұған дейін 230 миллиард теңге жымқыру ісінен кейін "Азия Авто" зауыты жаңа инвесторларға берілетінін жазған едік. "Азия Авто" ісі бойынша компанияның бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев 2021 жылдан бері халықаралық іздеу екенін жазған едік. Тергеу оларды банктік қарыздарды өтеуден және салық төлеуден жалтару мақсатында 230 миллиард теңгені жымқырды деп айыптады. 2025 жылдың сәуірінде сот оларға сырттай үкім шығарып, Балушкинді 9 жылға, Сағымбаевты 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Кейін сот келтірілген залалды өтеу туралы шешім қабылдады.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 16:35