Мектеп қызметкері 11 мың қанат тауық қанатшаларын ұрлап, тоғыз жылға сотталды
Американың Иллинойс штатының тұрғыны Вера Лидделл өзінің мектептегі қызметін пайдаланып, тауық қанатшаларын ұрлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ensonhaber.com
68 жастағы Лидделл соңғы он жылда Иллинойс штатындағы Харви мектебінде азық-түлік қызметтерінің директоры болып жұмыс істеді. 2020 жылдың шілдесінде, коронавирус пандемиясынан оқушылар қашықтан оқуға жіберілгенде ол тауық қанатшаларына көп мөлшерде тапсырыс берген. Оқушылардың қашықтан оқығанына қарамастан олардың үйіне тамақ жіберілу керек еді. Бірақ Лидделл тамақтарды қызметтік көлікке тиеп, белгісіз бағытта кетіп қалып жүрген. Ал оқушылар аш қалған.
Осылайша 2022 жылдың ақпанына дейін әйел жалпы құны 1,5 миллион доллар болатын 11 мың қорап тауық қанаттарын ұрлаған. Мектеп басшысы тексеру жүргізіп, азық-түлік бюджетінің 300 мың долларға артық игерілгенін анықтағанда әйелдің қылмысы әшкере болды.
Сотталушыға ұрлық жасап, қылмыстық кәсіпкерлікті ұйымдастырды деген айып тағылды. Сот қылмысы үшін оны 9 жылға бас бостандығынан айырылды.