Құлсарыда жанармай құю бекетіндегі жарылыс: Қаза болған ерлі-зайыптының жаназасы қашан өтетіні белгілі болды

Желіде Атырау облысының Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыстан мерт болған ерлі-зайыптының жаназасы өтетін күн туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Instagram желісінде Атырау облысының Жылыой ауданындағы "Ниет" жанармай құю станциясында болған үлкен жарылыс салдарынан қаза тапқан Беркін мен Мирамгүлдің отбасылық жұбының суреті жарияланды.
Деректерге сай, ерлі-зайыптының екеуі де сол жанармай құю бекетінде бірге жұмыс істеген. Желіде олардың жаназасы Тұрғызба аулында өтетіні жазылған.
Желі қолданушылары арасында ерлі-зайыптының таныстары жүздерінен күлкі кетпейтін, жылы шырайлы адам болғандарын жазды. Айтуларынша, Мирамгүл кассада, ал Беркін дәнекерлеуші болып жұмыс істеген.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының Құлсары қаласында орналасқан жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны туралы жазған едік. Апат кезінде 43 жастағы ер адам мен 40 жастағы әйел көз жұмды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан