Құлсарыда ер адам 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды

Фото: Видеодан скрин
Құлсарыда денесі өзеннен табылған қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызды өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысы полиция департаменті басшысының ерекше бақылауында.
Айта кетейік, 5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Кульсары қаласында 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала үйінен шығып, қайта оралмаған.
Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 6 маусым түнгі сағат 02:19 шамасында баланың денесі Кұрсай өзенінен табылды.
Бейнебақылау камерасына қыздың Кұрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"