"Құлағымды Ғани Құлжанов тесті": Алмат Сақатов студент кездегі ерекше образын көрсетті
Әйгілі “Бауыржан-шоу” театрының әртісі болған, актер Алмат Сақатов студенттік жылдарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, жастық шағының фотосын көрсетті.
“Жас кезімізде біз не істемедік?! Шаш та боялды, химия да істелді. Құлаққа сырға да тақтық. Суретте мен 20 жастамын. Өзім әскерден енді келген уақытым. Менің осы бейнем – қоғамға деген қарама-қайшылық екен. Қоғамға деген қарсылығымды, бұлай болмайды, мен ойымдағыны дәлелдеуім керек деген іс-әрекетім. Құлағымды Ғани Құлжанов тесіп берген. Сол кезде мен "құлағымды тессем, қалай болады?" деп едім, Ғани да мені қолдай кетті. Құлағымды ысқылап-ысқылап, қотыр қылып жіберген. Кейін құлақты қалай тесу керегін қыздардан сұрадық. Бұл жылдары әлі тәуелсіздік ала қойған жоқпыз. Кеңес Одағына қарап тұрған кезіміз. 1986 жылы әскерге кеттім, Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл сырғаны шешу керегін үйленген кезде бір-ақ түсіндім", – деді актер.
-
"Нақсүйерімен ұстап алса, түсінетін едім": Алмат Сақатов Бишімбаевтың әрекетін зұлымдыққа теңеді
-
"Мас әйелді мақтама": Алмат Сақатов Мақпал Жүнісоваға араша түсіп, халықтан сөз естіді
Еске салайық, актер мемлекеттен атақ ала алмай қалғанына экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған еді.
“Бес мың доллар берсең, ертең-ақ алып беремін" деп айтты. Атақ үшін бес мың беріп не қылам дедім, онсыз да жұмысымды істеп жатырмын. Азды-көпті ел біледі. "Маған өйтіп сатып алған атақ керек емес" деп бас тарттым. "Мынау Арыстанбек министр отырғанда сен өтпейсің" деп айтқан адамдар болды. Себебі кезінде жас кезімізде ұстасып қалғанбыз. "Бауыржан шоудың дүркіреп тұрған кезі, кеудемізге нан піспек түгілі, наубайхана болған. Сондай кездерде әлгі министрмен ерегісіп қалғанбыз. Оның да кінәсі болды, негізі. Бәлкім сол есінде қалып қойды ма екен. Соны бір кездескенде өзінен сұраймын деп жүргем. Бірақ қазір арғы жаққа кетіп, отырып қалды ғой", – деді Алмат Сақатов.