Қарағанды облысында құлағы үсіп қалған жүргізушінің жағдайы белгілі болды
Қарағандылық дәрігерлер құлақтары қатып қалған жүргізушінің жағдайы туралы айтып берді. Х.Мақажанов атындағы облыстық клиниканың директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев жәбірленушінің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Оған екінші және үшінші дәрежелі құлақтың үсуі диагнозы қойылған.
"Құлақта қан айналымы жақсы дамыған. Оның құлағы орнында. Әзірге болжам айта алмаймыз. Ол біздің бақылауымызда. Оның диагнозы - құлақ қалқанының үсуі",-деді Еркін-Дәуір Құрманғалиев.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде аязда жолда көлігі бұзылып қалған жүргізуші түсірген видео тарады. Видеода ер адамның кірпігіне, қасына және сақалына мұз қатып, құлақтары үсіп қалғанын байқауға болады.
Кейін бұл видео Қарағанды облысының Шет ауданында түсірілгені белгілі болды. Жәбірленуші Жаңаарқаға бет алған Қарағанды қаласының тұрғыны болған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
