Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті

Қазақ эстрадасында қолұстасып өнер мен өмір атты айдында қатар жүрген Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы көпке үлгі болары сөзсіз. Продюсер бұл жолы тұңғышы дүниеге келген ерекше күнді еске алып, естелігімен бөлісті.

орна

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отағасы отасқандарына қанша жыл өтсе де, жарына деген махаббатын дәлелдеуден еш жалықпайды. Қыдырәлінің шексіз махаббаты жарына қалай сезілсе, балаларына да дәл солай сезіледі.

Олар 1996 жылы танысты. Қыдырәлі сол уақытта аты бүкіл Қазақстанға дүркіреп тұрған “АБК” тобының солисі, ал Қарақат қазақтың қара домбырасын серік еткен консерватория студенті болатын. Осы күнге дейін бірігіп талай ән жазып, дуэт орындады. Қазір төрт ұл тәрбиелеп отыр. Күні кеше Қыдырәлі Болманов тұңғыштары Бекболаттың дүниеге келген күнін еске алды.

image

“Алла бере салғаным, әлі есімде, қасиетті ораза кезінде Жастар Одағы сыйлығын ұйымдастыратын комиссияның әділқазы алқа мүшесі едім. Сол жиналыста сөз сөйлеп тұрған кезде, Асанәлі, Тұңғышбай ағаларымыз отырған алдымызда. Телефон шыр ете қалып, перзентханадағылар “Ұлды болдыңыз” дегенде үндей алмай, көзімнен жас тамшылап, ағаларыма қарап, бірнеше секунд үндей алмай тұрып қалыппын. Аллаға сансыз мадақ!”, – деп атқамінерінің дүниеге келгені туралы естіген кезде, қуанышы қойнына сыймағанын жасырмады.

рна

Ары қарай “Алла бере салғандарым туралы айтқанда, ақ некелі жарым Қарақатты айтпауға болмайды. Жиналыстың алдында перзентхана қасында болып, түрі біртүрлі болып тұрған соң жаны аман қалуын тілеп, біраз құшақтап, ақырындап ішін сипап, амалсыз жиналысқа жүгіріп кеткенім ғой”, – деп сол сәтте жарының қасында болып қолдау көрсете алмағанына өкінді.

Бұл күні өкініш те, қуаныш та, қорқыныш та араласқан сыңайлы. Өйткені әнші досы Медеу Арынбаевпен бірге сасқалақтап жүріп баласына керек-жарақтың барлығын екі-екіден сатып алған. Тіпті перзентханадан шығарарда жарының сырт киімін ала баруды ұмытып кеткен екен. Бұдан өзге үйге келгенде баласы мен жары тұмауратып қалмасын деп сарымсақты тым көп турап қойғаны бар.

апнре

Әке жүрек “Құдайға шүкір, сол кіп-кішкентай, тұла бойы тұңғышымыз Бекболатымнан көп үміт күтемін. “Паравоз” ғой, арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелектері де солай қарай домалайды демекші, тілек көп” деп баласына көп үміт артып, оның соңынан ерген бауырларына жақсы аға бола алатынына деген кәміл сенімін жеткізді.

вакепр

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қыдырәлі Болмановтың философия ғылымдарының докторы атанғаны туралы жазғанбыз.

Талқылау