Қыдырәлі мен Қарақат қыздары Аялаға арнап той жасамақ
Қыдырәлі мен Қарақат төрт ұлдан кейін дүниеге келген қыздарына арнап дүркіретіп той жасамақ. Жұлдызды жұп келер жылдың мамыр айына жоспарланған тұсаукесер тойдың қамына кірісіп кеткен. Алайда әзірге Аяламыздың тұсауын кімге кестіретінімізді шеше алмай жатырмыз, деп ағынан жарылды Болмановтар отбасы.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Біз енді мамырдың 15-күні дүниеге келдік. Яғни алдымыздағы мамырда Құдай қаласа бір жасқа толғанда ағайын-туған, дос-жұрағатымыздың басын қосып, Аяламызға бір той жасап беруді жоспарлап жүрміз. Сол күнге аман-есен жетейік”, – деп атап өтті Қарақат.
Алайда Әбілдина жалғыз қызының тұсауын кімге кестіретінін білмей жүргенін айтты.
“Өте-өте қиын сұрақ. Ол туралы ойланбаппын, бірақ арасында осындай тұсаукесер тойларға барған кезде ойланып қаламын. Ол үлкен кісі болмайды, жас адам болуы керек.
Жақында тұсаукесерге арналған бағдарламада Зейнеп Ахметова апамыздан: “Апа, енді сіз көпті көргенсіз. Қазақтың салт-дәстүрін сізден артық ешкім білмейді. Бауыржан батырдың келінісіз. Осы студияда тұсау кесіп беріңіз, дүйім жұртшылық көрсін”, – деп ниет білдірген кезде ол кісі бірден бас тартты.
“Жоқ, айналайын. Мен үлкен кісімін. Аяғымды тәлтіректеп, жай басып жүрген адаммын. Жалпы тұсауды шауып жүрген, күш-қуаты тасып, көзінің оты жанып жүрген адамдар кеседі. Біз, үлкен кісілер, тек қана бата береміз”, – деп айтқан болатын. Сондықтан да жас адам кеседі. Ал енді кімнің кесетінін сол тойда естірсіздер енді”, – деп түйіндеді сөзін әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Әбдіжаппар Әлқожа әкесіне қымбат маркалы автокөлік мінгізді
Жазира Байырбекованың болашақ келіні әншіден өзін ұзатып беруін сұраған
Өзін өзі жер-көкке сыйғызбай мақтаған Ерке Есмахан жұрттың сынына ұшырады