Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Қарақаттың өз қолымен жемпір тоқып бергенін айтып мақтанды

Қарақат Әбілдина өмірлік серігі Қыдырәлі Болмановқа жаңа жылдық сыйлығын тарту етті. Әнші күйеуіне өз қолымен жемпір тоқып берген, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_8

Бұл туралы Қыдырәлі Болманов өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Кеше Қақатым жаңа жылды сылтау қылып, концерттен соң сыйлаған бірнеше сыйлықтың бірі – үстімдегі күрте. Өзі тоқыған… Жүрегімді жылытып тұр», – дейді Болманов.

Screenshot_9

Желі оқырмандары өздері сүйіп тыңдайтын әншіні басқа қырынан танығандарын айтып, таңғалып жатты. Көпшілік қолдан тоқылған жемпірдің әдемі шыққанын тілге тиек етті.

«Жар таңдаудан адаспаған екенсіз, өз қолынан тоқыма тоқу керемет», «Тоқыма күшті екен. Қарақат ханымға денсаулық, сәттілік», «Күшті, сәнді күрте, құтты болсын. Нағыз талант сан қырлы деген. Қарақат, жарайсың», «Қолы дерт көрмесін, өте әдемі, мақтануға тұрарлық екен», – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Ұялсақ етті! Майғазиев ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)

Алтынай Жорабаева 4 қызымен бірге Таиландқа аттанды

Бүркіт елбасы таққан сағатқа қол жеткізгенін айтып мақтанды

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

Талқылау