Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов ойға алған жоспарларымен бөлісті. Ол Қазақстанның саябақтарына «Бал-бала әлемі» деген атпен өз әткеншектерін орнатуды көздеп отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

,jkfyjdnfh

Танымал продюсер өзінің желідегі парақшасына отандық музыкалық арнаға берген сұхбатын жариялады.

Отандық «Бал-бала» ұлттық нақыштағы ойыншықтарын нарыққа қосқан Болманов дәл осындай атпен әр аймақта саябақ зонасын ұйымдастырмақ.

«Саябақ зонасы дейміз ғой. Мысалы, Панфилов саябағы бар, Көктөбе сияқты жерлер көп, Астанада да бар. Соларға арнап «Бал-бала әлемі» деген үлкен жоба дайындап жатырмын. Оның ішінде «Бал-баланың» өзінің тирлары, садақ ататын жерлері, әке мен балаға, ана мен қызына арналған деген сияқты, өзінің лабиринттары, тебетін мәшінелері, батуттары, барлығы болады. Жоспарлайсың ғой. Дегенмен маған мынадай бір сөз қатты ұнайды: «Тез деген баяу, бірақ үзіліссіз», – дейді Болманов.

Мұны естіген желі қолданушылары оны қолдайтындықтарын жеткізді.

«Аман болсыншы осындай қазақтың маңдайына біткен азаматтары. Бала ,бала деп жүреді үнемі», «Өте жақсы, иманды жансыз.Отбасыңыз, өзіңіз де аман болыңыз. Сізге тек жақсылықтар тілеймін», «Әрине, өз Арыстарымызды өзіміз қолдап биікке шығармасақ, абыройын асқақтатпасақ кім болғанымыз? Кеше Қыдырәлі ағаның атына қара күйе жағып, карикатура жасағандарды көріп қатты жүрегім ауырды, қынжылдым. Қыдыр ағадай болып алсын әуелі», – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Жұрт карикатура үшін соттаспақ болған Қыдырәлі Болмановтың шешімін масқаралады

Маржан Арапбаеваның кезекті образы тыңдармандарын шошытты

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)

Талқылау