Қыдырәлі Болманов қазақстандық сәнгерді Меруерт Түсіпбаеваға кешірім беруге шақырды
Осыдан үш ай бұрын басталған әнші Меруерт Түсіпбаева мен сәнгер Жадыра Сахиева арасындағы дау-дамайға әлі де нүкте қойылар емес. Екінші рет сот отырысы өтсе де, Меруерт ханымның жүзін көрсетпеді. Ал Қыдырәлі Болманов қазақстандық сәнгерді кешірімді болуға шақырды.
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.
Әншінің қорғаушысы болса, жиналған БАҚ өкілдеріне мүлдем сұхбат беруден бас тартты. Алайда, қорғаушының айтуынша, әнші бүгінде Ресейдегі шипажайлардың бірінде ем қабылдап жатқан көрінеді. Сот отырысының болатын күнін біле тұра демалуға кеткен әншінің әрекетіне сәнгер аң-таң екен.
“Аң-таң болдым. Өйткені сы күнге дейін үлкен кісілер хабарласып, кешірімді болуымды өтінген еді. Осы жолы кездессек, кешірім сұраса, мәселе шешілер деп ойлағанмын”, – дейді Жадыра Сахиева.
Сот барысында Меруерттің қорғаушысы әншінің әрекетін ақтап аларлықтай бірде-бір дәлелдер келтіре алмады. Жеке басымды қорлап қана қоймай, өзімді “шошқаға” теңеді деген дизайнер әншіден 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап етті. Екі бірдей өнер адамының соттасып жатқанын естіген Қыдырәлі Болманов жағасын ұстады. Мұндай жағдай кенеттен бола қалса, белгілі продюсер кешірімді болатын едім деп ағынан жарылды.
“Адам баласы жалпы бірнеше миллиондаған секунд өмір сүреді. Сонда қолыңнан келгенше, еліңе, ұлтыңа, досыңа, жақыныңа жылы сөз айтып кеткен дұрыс. Қазақ өнері былай көп көрінгенмен, онша көп те емес”, – дейді Қыдырәлі Болманов.
Естеріңізге сала кетсек, бір топ дизайнерлер отандық бағдарламаға берген сұхбаттарында ең талғамсыз әнші деп Меруерт Түсіпбаеваны атаған. Оны естіген әнші ашуланып кетті. Сөйтіп, Аида Кауменованың алқасын «сапасыз» деп, ел алдында масқаралады. Ал Жодоны дизайнер ретінде қабылдамайтынын, оны білімсіз әрі сауатсыз санайтынын айтты. Сол сияқты оның дене бітіміне қатысты мін тақты. Жадо өзінің ар-намысына сызат түсірген әншінің үстінен сотқа шағым түсірген.
Жіберіп алмаңыз:
Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)
Тыңдарманы Бүркіт пен Айшаның ұлының анасынан аумайтынын байқап қалды (фото)
Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)
Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)