Қыдырәлі Болманов елбасы айтып берген әзілмен бөлісті
Елімізге танымал продюсер Қыдырәлі Болманов елбасының кездесулердің бірінде айтып берген әзіл әңгімесімен бөлісті.
Фото:instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
“Бір перзидент сайлау алдында шашын алдырмақ болып шаштаразға келеді. Әлгі шаштараз қайта-қайта сайлау туралы айта береді. “Сайлау туралы неге айта бересіз. Басқа әңгіме жоқ па?” десе, шаштараз “Сайлау туралы әңгіме айтсам, сіздің шашыңыз тік тұрады, қиюға да ыңғайлы” деп жауап берген екен”, – дейді продюсер.
Жақын күндердің бірінде Ұлытау тобымен бірге Нью-Йорк қаласына аттанған Болманов әзіл әңгіме айта отырып, АБК заманынан шашын бір ғана адамға қидырып келе жатқанын айтты. Шаштараздың есімі – Халима екен.
“Туған апамдай болып кетті. “Америкаға әдемі болып бар, сендерге қарап қазақтың әдемі халық екенін айтсын” деген соң шашымды ретке келтіріп жатырмын. Былай қарасаңыз, бота көзді, бойы екі метр, ойы “километр” сымбатты жігіт емеспін бе”, – деп Болманов әзіл-қалжың араластырып өзін бір мақтап алды.
Оқи отырыңыз:
Болманов: Қарақатқа алғаш “қасқыр” көзіммен тесіліп қарағаным есімде
Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті
Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз