КВН-ші ойын кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
КВН-ші ойын кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады. Азамат дүйім жұрттың алдында бала күнгі ғашығына деген сезімін білдіріп, залға жиналған көрерменді тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Әдемі естелікке толы видео желіде тарап кетті.
“КТА-да осындай жүрек тебірентерлік сәттің куәсі болып жатырмыз. Жасай берсін, маxаббат!” – деп жазды видео авторы Мақпал Қаратай.
Бейнежазбада КВН-ші бала күнінен ұнататын сүйіктісіне жүрегін ұсынады.
“Тіпті 1-сыныптың өзінде папкасын ұстап, мектепке апаратынмын. Сол кезде мамаға: осы қызды алып келші, мен аламын деп айтатынмын. Енді арада 20 жылдай уақыт өтті. Мөлдір, мен саған сезімімді білдірсем. Мен сені өмір бақи бақытты қыламын деп уәде бермеймін, бақытты қылуға тырысамын! Өміріңнің соңына дейін менімен бірге болуға дайынсың ба?” – дейді жігіт.
Қуаныштан көзіне жас алған бойжеткен бірден келісімін берді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде жүкті әйел күннің суығында подъездерді паналап келген
Белгілі журналист “Қалаулым” шоуын жақтаған қоғам белсендісін сынап тастады
Алматылық 12жастағы вундеркинд бала латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жасап шықты
Даяшы қызды қазандағы майға күйдірген ақтаулық жігіттің ісі сотқа жетті