"Күйеулеріңді байлап ұстаңдар": Әнару Құрманалиева күтпеген мәлімдеме жасады
“Танымал боксшы зорлады” деп елді шулатқан Әнару Құрманалиева тағы да шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Ол әйелі бар еркектердің не себепті жас қыздарға құмар болатынын түсіндірген.
“Маған әрдайым әйелі бар еркектер келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен сиқырлы күшім тартатын шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өз арсыздықтарыңызды менен көрмеңіздер. Егер сендер таза, адал әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан "ақ, таза" қыз іздемес еді", – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының бірі әлдекімдердің әдейі жоспарланған іс-әрекеті болуы мүмкін екенін айтқан.
"Бұл – қақпан. Әйелі сізге әдейі жала жабу үшін ұйымдастырып отырған болуы мүмкін" деген пікір қалдырды. Әнару бұл пікірмен келісетінін жасырмады.
"Иә, мүмкін. Ол әйелден көрмеген қорлығым жоқ. Мүмкін, солай шығар. Ол әйелге Алла төреші болсын", – деп жазды бойжеткен.
Фото: https://www.instagram.com/samayakz__/
Еске салайық, Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлиеваға қатысты ойын айтқан еді.