Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеуімді жақсы көргеннен еркелетемін": Алтынай Жорабаева өзін сынағандарға жауап берді

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Әнші Алтынай Жорабаева желі қолданушыларының сынына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жанкүйерлері оның күйеуімен бірге түскен видеосына "Күйеуіңізді кішкентай бала секілді еркелетесіз" деп жазған.

"Кез келген жан күйеуін, әйелін жақсы көргенде еркелетіп жібереді ғой. Жақсы көріп, еркелеген, еркелеткен кез келген жан менімен келіседі деп ойлаймын. Әлде, олай жақсы көріп, еркелеткенді сезініп көрмегенсіз-ау", – деп жауап берді әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі қазіргі күйеуін бұрынғымен салыстыратынын айтқан еді. 

“Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді: “Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді” деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ “Бұрынғымен салыстырасың, “қандай болдым” деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес”, – деді мәдениет қайраткері. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 13:53
Талқылау