Күйеуі өртеп жіберген алматылық әйел 1,5 жылдан кейін ғана жәбірленуші деп танылды
Күйеуі өртеп жіберген Индира Тергеубаева жәбірленуші деп танылды. Мұны оның адвокаты Айнара Айдарханова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индира Тергеубаеваның бұрынғы күйеуі оның өміріне бірнеше рет қастандық жасағандықтан, әйел сотқа бұрынғы күйеуін депортациялау туралы арыз беріп, сот бірінші отырыста оны елден шығару туралы шешім қабылдады. Сот шешіміне сәйкес, сонау 2021 жылы ер адам 15 күн ішінде елден кетуі керек еді. Алайда үкімі орындалмай, ер адам бір күні әйелін өлтірмек болыпты. Бірақ оны ешкім қадағаламай, соңында ол әйелді өртеп жіберді.
"Ол дүкенге кіріп, өзімен бірге 40 литр бензин, атыс қаруы, екі тапанша, үлкен пышақ пен оттық алып келген. Ол бүкіл дүкенге және маған бензин құйып, оттықты қосты. Жарылыс болды, ол сол жерде мерт болды, мен өте ауыр күйік алдым. Жақында тоғызыншы күрделі ота жасалды", – деді әйел.
Индира бұл қайғылы оқиғаға сот шешімін бірден орындамай, бұрынғы күйеуін елден шығармаған көші-қон полицейлері мен қайғылы ооның арызына шара қолданбаған жергілікті полиция қызметкерлері кінәлі деп санайды. Алайда Индира Тергеубаева бұл іс бойынша бір жарым жылдан астам уақыт жәбірленуші ретінде танылмады.
"2021 жылдың желтоқсанынан бері Индираның өзі кінәлі сияқты жүрді... Оған көптеген ота жасалды, терісі трансплантацияланды, саусақтарына инелер салынды. Оның сыртқы келбеті қатты зардап шекті. Неліктен? Өйткені көші-қон полициясы Боприевті депортациялауды ұмытып кеткен. Индира тіпті президент кеңесшісімен кездескен. Ол жеке пикет өткізді. Ал бүгін ғана ол жәбірленуші ретінде танылды”, – деді “Немолчи” қорының жетекшісі Дина Смаилова.
Еске сала кетейік, Алматыда бұрынғы сүйіктісі әйелге қастандық жасаған еді. Алматылық әйел басынан өткен адам шошырлық оқиғаны айтып берді.