"Күйеуді бала сияқты алдау керек": Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге кеңес берді
Гүлзира Айдарбекова шетелдегі демалысын көрсетіп, қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/feed
Өнер иесі жолдасы Нұртаспен Дубайда демалып жатыр. Оқырмандары қызығып, түрлі пікір жазып, кеңес сұрады.
“Жастыққа басымыз тиіп, 70 жасқа жеткен жоқпыз. 50 жастың үсті – орта жас. Алла өмір берсе, қартаюға біраз уақыт бар. Онсыз да бір-бірімізден апта сайын демаламыз. Менен шаршай қоймайды-ау. Жолдасыңыз ұйықтай берсін. Өзіңіз демала беріңіз. Онсыз да үйде біргесіздер. Ашумен ештеңе ретке келмейді. Оларды тек бала сияқты алдау керек. Мынаны жасап көруге болады: 500 рет тор көз дәптерге “Мен күйеуіммен демалып жүрмін. Бақыттымын. Ақшам көп деп” жаза беру керек. Күніне 20-30 рет жазу керек. Нәтижесін көп ұзамай көресіз, – деп жазды продюсер.
Сондай-ақ “Немерелеріңмен бірге қыдырмадыңдар ма?!” деген оқырман тарапынан келген сұраққа да жауап берді.
“Былтыр Заңғар екеуміз балалардың бәрін Түркияға апарғанбыз. Кішкентай екеуі ғана қалды. Одан кейін өздері-ақ Катар мен Америка, Кореяға барып келді. Енді сабақтарын оқысын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Еске салайық, танымал продюсер 2024 жылы табаны тимеген Альпі тауларын көріп келгенін айтқан еді.