Күйеу жігіт өзінің үйлену тойында қайтыс болды
Фото: unsplash.com
Египетте Ашраф Абу Хакам есімді күйеу жігіт өзінің үйлену тойында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға Мысыр елінде болған.
Ер адам қалыңдықпен үйлену тойы кезінде кенет құлап қалған. Қонақтар бірден көмекке ұмтылғанымен, оны құтқару мүмкін болмады. Жедел жәрдем қызметкерлері күйеу жігіттің жүрегі тоқтап қалғанын анықтады. Толық ақпарат жарияланбады.
-
15 жастағы қызды 28 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген
-
Өзбекстанда тойларда шамадан тыс ақша беріп, көп қонақ шақыруға тыйым салынды
Еске салайық, жас жұбайлар балаға бір жылдан аса ат қоя алмай, ажырасып кеткенін жазған едік.
Ерлі-зайыпты 2023 жылы үйленген, арада бір жыл өткен соң олардың дені сау сәбиі дүниеге келген. Алайда содан кейін отбасында жанжал басталып, әрқайсысы нәрестеге өзі таңдаған есімін қоюды талап еткен. Екі жақ келіспеген соң балаға бір жылдан астам уақыт бойы туу туралы куәлік берілмей, вакцинация да жүргізілмеген.
Сот барысында ерлі-зайыптының екеуі де жасырын түрде баласына ат қойып, туу туралы куәлікті алмақ болғаны анықталды. Бірақ заң бойынша мұндай шешім екі ата-ананың да келісімімен ғана рәсімделуге тиіс.
Осылайша, сот баланың куәлігін ажырасу рәсімі толық аяқталғанға дейін жергілікті билікте сақтап, кейін оны анасына тапсырамын деп шешті.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
