Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Күйеу түгілі, әке болып жарымағандар”: Қазақстандықтар бірқатар танымал жұлдыздарға бойкот жариялады

актерлер Фото: Әлеуметтік желіден коллаж

Әлеуметтік желіде қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне қатысты үлкен дау өршіді. Бірқатар танымал тұлғалар сынның астында қалып, желі қолданушыларын оларға қарсы бойкот жариялауға шақырды. Stan.kz тілшісі кейінгі бірнеше күнде ел талқысына түскен өнер адамдарына қатысты даулы жағдайларға шолу жасады.

Бұрынғы жұбайы мен балаларына ауыр сөздер айтып, жұрттың наразылығын тудырған алғашқы өнер иесі - Нұрсұлтан Жақсыген болды. 

Әлеуметтік желіде блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызын қорлап жазған хабарламалары жарияланды. Скриншоттарда ол әйелін "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.

"Бәрібір сені ешкім жақтырмайды. Ажырасқан, көшедегі біреудің ермегісің ғой, болды. Өзіңнің өміріңді сүр, тыныш қана. Менің жағдайым шүкір, Аллаға сендерден жақсы. Жұмыс істе, тауарыңды сат. Үйіңді асыра. Менің оған не қатысым бар? Далада қаңғып жүргенің өзіңнен. Сенен алатынымды баяғыда-ақ алып қойғанмын. Зарламай, жұмысыңды істе одан да. Мен сен сияқты лағып жүрген жоқпын. Үйіңе де, өзіңе де пайдаң жоқ. Сен жай ғана көшедегі әркімнің бір тряпкасысың. Он бала тусаң да, маған қадірің жоқ, сенікі бір тиын. Кеттің бе, тыныш кет. Әркімге зарламай-ақ қой. Сенің сұлу болғаның кімге керек, ішінде былығың толып жатса? Сұлу дейтіндей де емессің ғой. Көрдің қой, сенен жақсы қыздар көп. Есік көрген қызды ешкім бағаламайды. Сол үшін осылай қаласың, әркімнің біреуі болып. Шылп өзіңе көп алма, не қылса?!. Аулақ жүріңдер, “сигандар”. Қаңғыған, көшедегі біреулер, менің тегім емес", – деп жазған блогер.

Экс-күйеуінің хабарламаларын жариялаған Фариза Алмасқызына оқырмандары қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Біздің қоғамда ажырасқан әйелді адам емеске теңейді. Абьюзер, тиран, игроман, лудоман, тұрмыстық импотентпен ажырассаңда, тыныштық жоқ әйелге! Онымен қоймай балаң болса, екі есе соққы!!! Мынау Нұрсұлтан Жақсыгеннің өз балалары мен экс әйелі жайында өте лас, төмен әңгіме айтып отыр! Ар-намысына тиіп отыр! Ертең осының ойымен ойланатындар да табылады! Осы бір әртіссымаққа бойкот жасайық, қыздар, халқым! Әйелдің отбасылық статусы қандай болмасын, ешкім оның абыройына нұқсан келтіре алмайды”, – деп жазды Ардақ Жапаров.

"Қыздығыңды мен алдым ғой" деп сайраған топаспен түсірілім аланыңда жүрген барша әріптестер, қалайсыңдар? Жалпы көздеріңе қалай қарап жүр? Соны әлдақандай актер деген атпен киноға түсіріп жүрген сендерде ес жоқ, құрметті режиссер, продюсерлер!”, – деп жазды Толқын Урбекова. 

“Нұрсұлтан Жақсыгеннің жағдайын талқыламай-ақ қояйын десем де, оқырмандар пікіріңізді айтыңызшы деп қоймады. Ал айтайын) Кейбір адамдардың бетпердесі ажырасқаннан кейін шешіледі. Бірақ қанша реніш болса да, әйелді қорлау, бала-шағаңның анасын кемсіту ер азаматқа жараспайды. Шариғатымызбен дәстүрімізде еркек кетсе де, қадірін сақтайды. Нағыз ер қорғаушы болу керек, қорлаушы емес. Әйелді сөгу әлсіздіктің белгісі. Мен блогердің ісін айыптаймын”, – деп жазған имам, ұстаз Тимур Алиев. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмасқызы отбасын құрып, екі балалы болған шағында ажырасып кетті. Кейін Нұрсұлтан Жақсыген сұхбаттарының бірінде әйеліне хабарласып, кешірім сұрағаны хабарланған. Алайда, Фариза Алмасқызы экс-күйеуін кешіргенін, бірақ енді қайтып қосылмайтынын айтқан. 

Желіні шулатқан тағы бір танымал тұлға - Тұрсынбек Қабатов. Қазақстандық әзілкештің экс-жұбайы Мөлдір Мұқанова Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбекпен ажырасып кеткенін айтып, қарым-қатынасы туралы бар шындықты ашты.

Продюсердің айтуынша, экс-күйеуінің 14 жыл бұрын көңілдесі пайда болған. Алайда бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппай, олар тек жеті ай бұрын ғана ресми түрде ажырасқан. Мөлдір Мұқанова отбасын сақтап қалуға тырысып, әзілкешпен сөйлесіп, жағдайды реттемек болғанымен, нәтиже болмағанын жеткізді. Сондай-ақ өнер иесі Тұрсынбек Қабатов ажырасып ғана қоймай, балаларымен де хабарласпай кеткенін алға тартты. Оның сөзінше, әзілкеш кейінгі екі айда балаларымен көріспеген, тіпті нөмерлерін бұғаттап қойған.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. 

"Құрметті, @khabartv , соңғы шыққан жаңалықтарға байланысты Тұрсынбек Қабатовты @qazaqstan.dauysy жобасынан алып тастауды сұраймыз!", "Болдырмаймыз!!! Есімізде сақтап, қарсылығымызды білдіреміз! @ticketonkz — енді сіздердің әрекеттеріңізді күтеміз. Афишаны алып тастамайынша, олардан ештеңе сатып алмаймыз!!!", "Тұрсынбекті түсіне алмадым. Жан-жарың сен келеді деп түнгі 02:00-де сүйікті тамағыңды дайындап отыр (бай болмай тұрып, жатақханада тұрған кезден-ақ). Сүп-сүйкімді 5 бала тауып беріп отыр. Өміріңнің жартысын сүріп тастап, өзін өзі бағалауы төмен 16 жастағы жасөспірімнің тірлігін істеп отыр ғой. Ал халық осы уақытқа дейін монологтарын сөзге тиек етіп, абыройын асқақтатып жүрді ғой негізі. Өзінің жан-жарына опасыздық жасаған адамнан бәрін күтуге болады. Қаншалықты төмен мораль десеңші", –  деп жазды Тhreads қолданушылары.

Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялағандардың қатарында танымал коуч Роза Әшірбаева да бар. Ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл жағдайға әзілкештің өзі кінәлі екенін жазған.

Анық Тұрсынбек кінәлі ситуацияда “пикмилар” Мөлдірдің қалай жаңылысқаны жайлы рефлексия жасап әлек.Тұрсынбектің әрекетіне медиа платформаларда баға берілмесе, қоғамда барлық кезде әйел кінәлі болып қала береді.“Иә, Тұрсынбектікі дұрыс емес, бірақ Мөлдір тым өзін тастап жіберді” - деген риторика әйелдің 14 жылдық еңбегін, отбасы үшін күресін құнсыздандырып жібереді. Акцентті жертваның әлсіздігіне емес, Агрессордың иттігіне қою керек”, – деп жазған ол.

Сондай-ақ Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Турсынбек комментарий

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың 3 қызы, 2 ұлы бар. 

Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған келесі өнер иесі — белгілі гитарашы әрі композитор Ақсұңқар. Әлеуметтік желіде қазақстандық әншінің бұрынғы жұбайына жазған хаты тарады.

“Я, Раббым, шүкір, осы балапандар дүние есігін ашқысы келген екен... Енді не десең де, менің қызым, ұлым деп келуші болма, көтерген шаңырағыңмен бақытты бол!", - деп жан сырын ақтарды Арай Әбілсейіт”, - деп жазба қалдырған Арайлым Әбілсейіт.

Әншінің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оның парақшасына теріс пікірлер қалдырып, Ақсұңқар ән салатын мейрамхананың рейтингін төмендетуге кірісті. Бұдан бөлек, Ақсұңқар өз парақшасында жаңа сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағанын жариялап, жұрт назарын тағы да өзіне аударды.

“Кешіріндер, бұл енді масқара. Сен күйеу түгілі, әке болып жарымапсың ғой. Келесі кәнсіл - Ақсұңқар. Бұған тиіп жатқан қызға обал жоқ”, ”Мың рет айтамын мал екен мына Ақсұңқар деген. Туған баласын “өлсе, өлед та ажал” деп, малда төліне жаны ашиды ғой. Мынаған ешкім қарамасын, байға тимесін, енді көріп тұрсыңдар ғо, қыздар, өз баласын өлімге қиған адам”, Нұрсұлтан Жақсыген, Тұрсынбек Қабатов, Махмуд Сабырхан. Енді келіп мына Ақсұңқар, тіпті ақ деп айтуға келмейді! Өздерінен шыққан балаға, өздерінің ұрпақтарына “Сығандар”, “Өлсе өледта” деп айтып, өз балаларын бұғаттап тастап, Аманатым деп біреудің мәпелеген қызын жар етіп алып ол әйелі бұның ұрпағын босанып жаны қиналып жүргенде беті бүлк етпей басқа әйел алып жүрген еркек сымақтар сендер қай жерден шықтыңдар өзі?!”, – деп жазды желі қолданушылары.

Теріс пікірлер

Желі қолданушыларының наразылығына іліккен тағы бір тұлға - боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан. 

Әлеуметтік желіде боксшының екінші рет шаңырақ көтерген сәтінен фото-видеолар тарады. Қалыңдық Айғаным Ержігітова тойдан үзінділерді өз парақшасында жариялаған. Ал оқырмандар спортшының бірінші әйелінің жақында ғана босанғанын, сәбиінің әлі қырқынан шықпағанын жарыса жазып жатыр. 

“Махмұд Сабырханның екінші рет үйленіп жатырғанын көріп не айтарымды білмей қалдым.. Жақында ғана тұңғышы дүниеге келді, ал ол болса сәби қырқынан шықпай жатып екінші рет үйленіп алды. Назымның қандай күйде екенін елестетудің өзі қиын. Еліміздің көк туын желбіретіп чемпион атағын алғаны не керек, адами құндылығы өте төмен болса…”, “Ақсұңқар да, Махмұд та екінші рет үйленіп жатыр. Қыздар, жынды ұқсап Нұрсұлтанға да тиіп алмаңдаршы”, “"Мына қызда да ес жоқ екен. Екіқабат әйелін туылар баласын тастаған адамға тиіп отырған. Бумеранг бар жаным. Ал мына жігіттің үйіндегі үлкендер не қарап отыр? Ұрпағы дүниеге келгелі отыр? Соны біліп тұрып босанар уақытында той жасау ? Араларында не болсада үлкендер айтпай ма? Или бұларға ойыншық па бір қыздың тағдыры? Сыйластық қайда бұрынғы құда құдағи келіншегіне? Әлде бұларда ондай сана сезім жоқпа?" – деп жазды желі қолданушылары.

Қолданушылар жоғарыда аталған өнер иелері отбасы құру салмақты жауапкершілік екенін айтып, оларды жаппай кәнсілдеуге шақырып жатыр. 

“Кешелі бері тредстен Нұрсұлтан Жақсыген, Тұрсынбек Қабатов, Ақсұңқар, Махмұд Сабырхан. Бұлардың жасап жүрген істері мүлдем дұрыс емес. Бірі — баласына өлім тілеп, "Ажал ғой" деп отыр. Бірі — әйелінің көзіне шөп салған. Тағы бірі — әйелін баласымен тастап, басқаға үйленген. Біреуі болса — әйеліне түрлі сөздер жазып отыр. Айта берсек, мұндай мысал көп...Отбасы құру — ойыншық емес, жігіттер. Үйленген соң жауапкершілікті сезіне білу керек. Соңғы уақытта кейбір жігіттер майдаланып бара жатқандай… P:S Барлық жігіттер қауымына топырақ шашпаймын бірақ араларында бар, Жақсы жігіттер қауымы да жетерлік”, - деп жазып жатыр.

Айта кетейік, экс-әйелін балағаттаған блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге желі қолданушылары бойкот жариялағаны хабарланған болатын. 

Кейінірек Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатовтың ажырасып кеткені жария болды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 12:30
Талқылау