"Күшті ақша берсе ғана шығамын": Тұрар Ыдырыс не үшін тойға бармайтынын түсіндірді
Жастар арасында танымал болған Тұрар Ыдырыс не үшін тойға барғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесі The DS' Show бағдарламасына келіп, той-томалаққа барғысы келмейтінін жасырмады.
"Қазір тойға шықпаймын, көп бармаймын. Көбі мені тойдан көп қаражат табады деп ойлайды. Бірақ менің негізгі табысым – концерттер. Кейде күшті ақша берген кезде шығамыз ғой. Тойға әдейі көп гонорар айтамын. Мені алғанша басқа екі-үш әншіні алған той иесіне тиімді. Бармау үшін әдейі көп ақша сұраймын. Тойға бара берсем қадірімді жоғалтып алатын сияқтымын. Концерттерге ақша жинау қиын болып кететін сияқты. Тойға қарсылығым жоқ. Тойдың атмосферасы ұнамайды. Достарыңның тойында мейлі. Ал енді ешкімді танымайтын жерде біреу тамақ ішіп отырады, біреу сені тыңдамайды да. Сосын келіп, суретке түсіп жатады. Өзіме кішкене сол жағы ұнамайды. Өзім де қысыламын", – деді хитмен.
-
“Ол жігітті ұнатпаймын": Сара Амангелді әнші Тұрар Ыдырыс туралы ойын ашық айтты
-
Әнші Тұрар Ыдырыс өзін сынаған Алтынбек Тәшімбетовке жауап берді
Сонымен қатар Тұрар Ыдырыс продюсермен жұмыс істей алмайтынын мойындады. Өнер иесі продюсермен жұмысы соттың араласуымен аяқталғанын да айтып берді.
“Үш жылдай продюсермен жұмыс істедім. Кететін кезде екеуміз келісе алмай қалдық. Сол сәтте дұрыс кету керек еді. Менің де балалығым болды. Бізде бес жылға келісімшарт болды. Мен үш жылдан кейін кетем дегенде ол кісі сотқа берді. Бірақ кейін бәрі шешілді. Мен бұрынғы продюсеріме Porsche Panamera сыйладым. Бірінші сөйлестік. Негізі мүмкіндік болғанда мен оны бірден беретін едім. Мен продюсерден кеткен соң ақшам болған жоқ. Бір жылдай жұмыс істеп, бірінші табысыма алған дүние. Ол кісінің маған еңбегі сіңді. Сол үшін осылай қымбат сый беріп кеткенім дұрыс болады деп шештім. Бұл менің рақметім ретінде берілген сыйлық", – деді өнер иесі.
Айта кетейік, әнші қазақ қыздарына арнап бейнебаян түсіріп, көрермен ықыласына бөленгенін жазған едік.