Қазақстанға келетін Дженнифер Лопес "джакузи" болуын талап етті: Жұлдыздың жайлылығы үшін қонақүй президенттік люксті қайта жасақтамақ
Фото: globallookpress.com/IMAGO/Jeffrey Mayer
Америкалық жұлдыз Дженнифер Лопес Алматыда өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Ал жергілікті қонақүйлер жұлдыздың жайлылығы үшін қызу дайындықты бастап кетті. Танымал әнші 100 адамнан тұратын тобымен келмек, сол себепті президенттік люкске арнайы оның өтініші бойынша джакузи орнатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Президенттік нөмірде джакузи болмаған, бірақ олар оны орнатуға келісім берді", – деді First Media Group компаниясының басшысы Әлфия Нұрғұмарова.
Бұл компания Дженнифер Лопестің сапарын ұйымдастырумен айналысады.
Дженнифер Лопеспен бірге келген бәрі сол қонақүйге орналасады, өйткені қонақүй әкімшілігі жұлдызды топты қала бойынша шашыратпау үшін жеңілдік жасап отыр.
"Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, Лопес Қазақстанның көрікті жерлеріне қызығушылық танытып отыр. Алайда қаланы аралау туралы соңғы шешімді концерт күні, гастрольдік кестенің ауырлығына байланысты өз жағдайына қарап қабылдайды.
"Астанаға қайтарымсыз билет алдық": Дженнифер Лопестің алматылық жанкүйерлері наразылық білдірді
Қазақстанда тағы бір әлемдік жұлдыз концерт өткізеді
Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылғанын жаздық. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
