Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Курстар ашып жатырмыз": СҚО әкімі өңірді қазақыландыру үшін қандай жұмыстар істеп жатқанын айтты

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірді қазақыландыру жұмыстарын қалай жүргізіп жатқанын айтты. Аймақ басшысы ол үшін қазақ тілінде білім беретін курстар ашып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында есеп беру брифингіне қатысқан облыс әкіміне БАҚ өкілі өңірдегі қазақ ұлтының үлесі небәрі 35 пайыз екенін айтып, қазақыландыру бойынша нақты қандай шаралар жасап жатқанын сұрады. 

Өңір әкімі бұл мәселе бақылауында екенін жеткізді. 

“Мені де алаңдатады. Алайда жұмыс жүріп жатыр... Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар әрі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Курстар ашылып жатыр”, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 6 аудан мен 138 ауыл бар. Жыл сайын бұл мекендерге жолдар мен әлеуметтік нысандар салынуда.

 "Сондай-ақ оңтүстіктен арнайы квотамен адамдар көшіп келіп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам келді. Оның ішінде 235 қандас бар. Жыл сайын оңтүстіктен келген адамдардың 85-89%-ы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Бұл да жақсы көрсеткіш", - деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
 

Талқылау