Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын балуандар тізімі белгілі болды

Күрес түрлерінен 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін спортшылардың тізімі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Дүбірлі дода Иордания астанасы Амманда 25-30 наурыз аралығында өтеді. Жарыста еркін күресі, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 10 салмақта 120 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы намысын төмендегі спортшылар қорғайтын болады:

Еркін күрес:

57 келі – Рахат Қалжан

61 келі – Балғабай Мұхаммед

65 келі – Нұрсұлтан Садық

70 келі – Начын Куллар

74 келі – Нұрқожа Қайпанов

79 келі – Дәулет Ергеш

86 келі – Болат Сақаев

92 келі – Азамат Дәулетбеков

97 келі – Ризабек Айтмұхан

125 келі – Нұрсұлтан Азов

Грек-рим күрес:

55 келі – Ербол Камалиев

60 келі – Қабдыл Бақытжан

63 келі – Әсетұлы Сұлтан

67 келі – Мейіржан Шермағанбет

72 келі – Әділхан Сатаев

77 келі – Ибрагим Магомадов

82 келі – Омар Сатаев

87 келі – Шамиль Ожаев

97 келі – Ильяс Гучигов

130 келі – Әлімжан Сыздықов

Әйелдер күресі:

50 келі – Светлана Анкичева

53 келі – Зейнеп Баянова

55 келі – Зульфия Яхиарова

57 келі – Нилуфар Раймова

59 келі – Гүлдана Бекеш

62 келі – Тыныс Дүбек

65 келі – Елена Шалыгина

68 келі – Ирина Казюлина

72 келі – Жәмилә Бақбергенова

76 келі – Эльмира Сыздықова

Талқылау