Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбекке арнап киім топтамасын шығарды

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбек Нұрқаділовке арнап киім топтамасын шығарды. Топтамада әзірге ерлерге арналған “поло” (авт. жағалы футболка) ғана бар, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өз арманын ақын қара өлеңмен, композитор әуенмен көрсете алады. Ал мен дизайнер ретінде әкем Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне жасалған заманауи ZAMAN халық маркасын таныстырғалы отырмын. Әкем мені бала кезімде көп нәрсеге үйретті. Ол кез-келген мәселеде терең ойлай алатын үлкен талант иесі болды. Музыкалық шығармашылықпен айналысты, шахматты жақсы ойнады, арабша хат танып, каллиграфия жазуын да білді. Маған да соны үйретті. Соның арқасында маркаға терең мағына үйлестірдім”, – дейді Құралай Заманбекқызы.

Дизайнер каллиграфия таңбалары арқылы қазақ руларының таңбасын тапсырыспен жасамақ. Мұндағы мақсатым қазақтың тегін көрсету, дейді атақты сәнгер.


Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың толық нұсқасы пайда болды (видео)

Талқылау