Күніне 10 доллар: Қазақстан орташа табыс бойынша 162 елдің ішінен 71-орында
Wisevoter мәліметтері бойынша, 2023 жылы жаһандық орташа табыс күніне 16,09 долларға (7 698 теңге) тең. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш – тәулігіне 10,42 доллар (4 985 теңге). Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміз рейтингте орташа табыс бйоынша 162 елдің ішінде 71-орында.
Ең жоғары көрсеткіш Люксембургте – 69,48 доллар. Одан кейінгі орында Норвегия, БАӘ, АҚШ және Швейцария. Ең төменгі көрсеткіш Мадагаскарда – 1,12 доллар.
ТМД және Орталық Азия елдері арасында Ресейдің орташа табысы тәулігіне 17,41 доллар, Беларусь 17,24 доллар, Украина 12,6 доллар және Молдова 10,52 доллар. Бұлардың бәрі Қазақстаннан жоғары. Ал Әзірбайжан (8,06 доллар), Армения (6,62 доллар), Қырғызстан (5,43 доллар), Тәжікстан (5,33 доллар), Түркіменстан (2,4 доллар) және Өзбекстанда (1,23 доллар) Қазақстаннан төмен болды.
Қазақстандағы 11,9 мың респондент арасында "Халықтың өмір сүру сапасы" сауалнамасының нәтижелері бойынша респонденттердің тек 34,8%-ы қаржылық жағдайына қанағаттанған. Респонденттердің 62,4%-ы қаржылық жағдайына жартылай қанағаттанса, 0,1%-ы қанағаттанбады, 2,7%-ы жауап беруге қиналған.
Егер отбасындағы экономикалық жағдайға қанағаттанушылық туралы айтатын болсақ, жағдай біршама жақсырақ. Бір жыл 36,5% репондент қанағаттанса, биыл 36,6% болды. Респонденттердің 61,4%-ы жартылай қанағаттанса, 0,1%-ы ғана қанағаттанбады, ал 1,9%-ы жауап беруге қиналған.
Соңғы 12 айдағы қаржылық қиындықтар туралы сауалнамаға келетін болсақ, респонденттердің 1,2% -ында тұрғын үй немесе бөлмені жалдау ақысын төлей алмаған жағдай бір рет кездескен, 1,2% респонденттердің екі немесе одан да көп рет болған, 50,9% -ында бұл мәселе маңызды емес болып шықты, ал респонденттердің 46,7%-ы мұндай мәселеге тап болған жоқ.
3,4%-ы коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшасы болмаған жайт бір рет болғанын, тағы 3,4%-ы екі немесе одан да көп рет болғанын, ал 88,9%-ы мұндай мәселеге тап болмағанын атап өтті.
Несиелер, оның ішінде ипотека бойынша пайыздарды және қарыздарды төлеуге байланысты проблемалармен респонденттердің 2,8%-ы бір рет, 2,7%-ы екі рет және одан да көп кездескен, тағы 58,8%-ы мұндай жағдайларды кездестірмеген, ал респонденттердің 35,7%-ы несие мәселесіне тап болған.
2023 жылы Қазақстандағы табыс орташа есеппен жан басына шаққанда 1,2 миллионға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 20,5% артық. Демек әр азаматтың айына орташа 96,8 мың теңге, ал күніне 3200 теңге табысы болған.
Өңірлер бойынша ең жоғары ақшалай кірістер Астана тұрғындарында. Оларда жан басына шаққанда 1,6 миллион теңге, жыл сайынғы өсім – 22,4%. Екінші және үшінші орында – Алматы қаласы (жан басына шаққанда 1,5 миллион теңге, өсім – 29,8%) және Қарағанды облысы (жан басына 1,5 миллион теңге, өсім – 15,9%).
Ең төменгі табыс Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында тіркелді.