"Күндіз сабақ оқимын, кешке еден жуамын": Астаналық студент қыз қатерлі ісікке шалдыққан анасының еміне қаражат жинау үшін көмек сұрады
Фото Жадыраның жеке архивінен
22 жастағы астаналық студент қыз Жадыра Тулегенова анасын аман алып қалу үшін TikTok-та бейнероликтер жариялап, жұрттан көмек сұрауға мәжбүр. Оның анасы 4-сатыдағы қатерлі ісікке шалдыққан.
"Анамның өмір сүруге құлшынысын көре тұра, ұялуға хақым жоқ екенін түсіндім. Еден жууға да, бейтаныс адамдардан көмек сұрауға да дайынмын. Тек анам аман болса екен" дейді астаналық қыз Жадыра Тулегенова. 2022 жылы Жадыраның анасы Рита Маширапованың асқазанынан қатерлі ісік анықталған. Ол уақытта анасы 44 жаста болған. Науқас Астанадағы орталықтан ота жасатып, асқазанын алдырған және бес рет химия терапиясын қабылдаған. Дәрігерлер оларға "ісік толық алынды, жазылды" деп үміт сыйлаған.
“Қазір анамның он екі елі ішегі мен өңешін тігіп қойған. Негізі қатерлі ісік жайылып, басқа ағзаларға тарайтын ауру ғой. Бірақ ісік анамның тек асқазанында болған және оны толық алып тастаған соң, одан толық құтылдық деп ойладық. Алайда 2024 жылы анасының ауруы қайта асқына бастады”, – дейді Жадыра.
Алғашқы ота мен химиядан соң науқастың бір бүйрегі істемей қалған. Оның отбасы қазіргі денсаулық жағдайына сол бүйрегі әсер етіп жатыр деп ойлаған. Науқас алты ай бойы бірнеше емханаға барып тексерілген, бірақ ешкім нақты диагноз қоя алмаған. Кейін бұрын ота жасаған емханаға барғанда ғана анасының бүкіл ішегіне қатерлік ісік тарап, өте мүшкіл жағдайда екенін білген.
“Астанадағы онкология орталығындағы дәрігерлер анамды сыртқа шығарып жіберіп, жеке өзіме “анаңыздың жағдайы мүшкіл, екі апта ғана өмірі қалды” деп айтты. Бұл хабар маған үлкен соққы болды. Дәрігерлердің алдына тізерлеп отырып жыладым, жалынып-жалбарындым. Бірақ дәрігерлер қолынан ештеңе келмейтінін, тек паллиативті көмек ұсына алатынын айтты. Бірақ анамды онда жібергім келмеді, себебі паллиативті орталық өмірінің соңғы сәтінде жүрген науқастарға ғана көмек береді. Оған қоса қатерлі ісікке шалдыққан адамға жалғыз қалуға, күйзелуге болмайды. Отбасымыз да, анам да үмітімізді үзгіміз келмеді”, – дейді ол.
@zhadyra_gd Rekвезеты в шапке профиля 🫂 по ссылке и там вся информация❤️
♬ I Bet on Losing Dogs - Mitski
Жадыраның айтуынша, олар Қазақстанның түрлі қаласындағы емханаға барған, жекеменшік әрі ақылы онко-орталықтан ем алған, бірақ ешқандай нәтиже шықпаған. Анасының денсаулығы күннен-күнге нашарлай берген: салмағы 80 келіден 40 келіге дейін түскен, іші қатайып, ішіне су толған. Аяғы ісіп, “мәйіттікіндей” көгере бастаған, дәреті шықпай, тамақ іше алмаған. Кейін олар шетелден ем іздеу бастапты.
“Өзім медицина университетінде оқимын. Білімімнің арқасында шетелдегі емханалармен тікелей байланысып отырдым. Үндістандағы дәрігерлер кепілдік бермейтінін, бірақ емдеп көруге болатынын айтты. Бірақ ол жақтағы медицинаға аса сенбедім. Оңтүстік Корея дәрігерлері емдей алатынын айтты. Бірақ бірінші курстың өзіне ғана 150 миллион теңге кетеді деді. Мұндай қомақты соманы таба алмаймыз. Кейін Қытайдың Гуанчжоу қаласынан бір емхананы таптым. Дәл анамдыкі сияқты диагнозы бар бір науқас алты айдан бері сол жерде емделіп, жағдайы жақсарыпты. Сөйтіп, Қарағандыдан келе сала, анамды Қытайға аттандырдық. Онколог-дәрігер анамның ұшаққа шыдамай, ішіндегі суға тұншығып қалатынын айтты. Сондықтан әуелі кататер арқылы ішіндегі суды шығарып, кейін ұшты”, – дейді Жадыра.
@zhadyra_gd Всем привет, я прошу помощи в продвижении ролика. Время сейчас для моей мамы очень ценный ресурс. Заранее благодарю вас всех за поддержку❤️
♬ i was only temporary (Slowed + Reverb) - my head is empty
Қытайдағы дәрігерлер Жадыраның анасына бірден ота жасап, екі бүйрегіне стент қойыпты. Науқас 8 айда химия терапиясының 10 курсынан өткен.
“Анамның жағдайы жақсарып, беті бері қарады. Қазір ішіне су жиналмайды, аяғның ісігі басылды. Ал ісік жасушалары кішірейіп жатыр”, – дейді Жадыра.
Жадыраның анасы Ританың медициналық құжаттары
Жадыраның айтуынша, бүгінге дейін олар 45 миллион теңге жұмсаған. Дәрігерлер тағы да 6-8 рет химия терапиясының курсын алуы керек депті. Ал оған әлі кемі 30–40 миллион теңге қажет. Сол себепті Жадыраның әкесі, әпкесі және өзі күні-түні жұмыс істеп ақша жинап жатыр. Мәселен, Жадыра студент екеніне қарамастан, кешке еден жуады екен.
“Әкем су арнасында машинист болып істейді. Алғашында өз ақшамызбен ғана емделдік, жақындарымыз да көмектесті. Әкем туыстардан 10 миллион теңге қарыз алып, анамды Қытайға өзі апарып жүрді. Бірақ күннен-күнге шығынымыз көбейді, қарызымыз да азаяр емес. Әкемнің бар уайымы – емге ақша табу және қарызды жабу. Сөйтіп, үшеуіміз үш жақтап жұмыс істеп жатырмыз. Мен күндіз сабақ оқимын, сол себепті мамандығым бойынша медбике болып та жұмысқа орналаса алмаймын. Төрт жылдан бері еден жуамын. Азын-аулақ болса да, бұл да – табыс. Ал қазір анаммен бірге Қытайға мектепте оқитын інім барып жүр”, – дейді ол.
Фото жеке архивінен
Қаражаттан қиналған бойжеткен ең соңғы амал ретінде TikTok желісіне жүгінген. Ол анасын қалай күтетінін, қалай шашын алатынын, бір сөзбен айтқанда, күнделікті жағдайын видеоға түсіріп, желіге жариялап, қолданушылардан қаржылай көмек сұрап жүр. Алғашында ақша сұрауға ұялғанын айтады.
“ Жағдайы орташа отбасынан едім. Бұрын ішкенім алдымда, ішпегенім артымда болды. Қаражаттан қатты қиналған емеспіз. Бірақ ауру айтып келмейді екен. Анамның өмір сүруге құлшынысын көріп-ақ, көмек сұрай бастадым. Осы күнге дейін өмірден бірде-бір рет күдерін үзген емес. Сондықтан әлеуметтік желіге сала бастадым. Өзін видеоға түсіріп, желіге салатыныма да қарсы емес. Видео салып бастағаныма бір-екі ай ғана болса да, осы күнге дейін 1,5 миллион теңгедей жинадық. Оның өзі де аз қаражат емес. Мейірімді жандарға рахмет айтамыз және тағы да қаржылай қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз”, – дейді Жадыра.
Жадыраның анасы Рита Маширапованың Kaspi картасының нөмірі: 4400 4302 7473 4778
Kaspi картасы тіркелген нөмірі: 8 (701) 374-65-86 – Рита.М

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
