Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күнде кенеттен күшті жарылыстар пайда болды: Болжанбаған құбылыс астрономдарды таңғалдыруда

Фото: Depositphotos.com

Күн планетасында жарылыстардың белсенділігі күшейіп астрономдар үшін  күтпеген жайт орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, Күн планетасындағы белсенділік 30 қаңтарда қайта басталған.

"21 қаңтардан бері бірінші M деңгейіндегі күшті жарылыстар тіркелді. Бұл оқиғалар ең жоғарғы X деңгейіне дейінгі кезеңге жатады. 1 ақпан таңертең үш осындай жарылыс болды. Белсенділіктің кенет өзгеруі толықтай күтпеген жайт болды. Барлық белгілер бойынша Күн бір айға немесе одан да ұзақ уақытқа төмен белсенділікке кетіп бара жатқан сияқты еді. Қаңтар айының соңғы аптасында Күн бетінде күн дақтары мен короналық тесіктер жоғалып, рентген сәулесінің ағыны ай ортасына қарағанда 5–6 есе төмендеді. Ал жалпы белсенділік индексі 10 балдық шкала бойынша 1 деңгейіне жетті. Күндегі энергияның толық жоғалу жағдайы қаңтар ортасында болған күшті жарылыстан кейінгі қалпына келу кезеңімен сәйкес келді", – дейді ғалымдар.  



Алайда 31 қаңтарда Күнде белсенділік кенеттен артқан. Бұл негізінен 4366 нөмірлі ірі күн дақтар тобының өсуімен байланысты болды. Бұл топ қаңтардың соңғы күнінде Күннің солтүстік-шығыс бөлігінде тез күшейген.

Осыған байланысты Күндегі жарылыстардың қарқыны күрт артты. Тек бір күнде 21 жарылыс тіркелген. Ал бұған дейін 7, 29 қаңтарда тек 2 жарылыс болған. Таңертең жарылыстар M деңгейінің шегінен өтті. Мамандардың болжамынша, бүгін және ертең Күн X деңгейінен де өтуі мүмкін. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Ақпан, 2026 18:38