"Төбеден су ағып, қатқан нан жеп отырмыз": Атыраудағы түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер жағдай жасалмағанына шағымданды (видео)
Әлеуметтік желіде Атыраудағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемесіндегі тұтқындар түрмеде жағдай жасалмағанын айтқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Юрий Тутов / ТАСС
Кадрларда қылмыскерлер өздерінің жазбаша шағымына жауап берілмеген соң, видео түсіруге мәжбүр болғанын айтады. Видеода ер адамның бірі ҚАЖД №71 мекемесінде жазасын өтеп жатқанын жеткізеді.
"Жаңа піскен нан осындай бола ма? Мына нанмен бас жаруға болады... Не бар тағы? Ботқаны қашан береді? Күнде бір тамақ бере ме, не? Мынау ҚАЖД №71 мекемесі. Қараңыздар, міне, төбеден тамшылап су кетіп жатыр. Қабырға да сызат берген. Бір күні үстімізге құлайтын түрі бар. Бүгін 15 қараша. Мекеменің әкімшілігі бізге мүлдем қарамайды. Қарсылықтарымызды қабылдамайды. Осылай түсіріп жіберуге мәжбүр болып отырмыз. Қолға алуларыңызды, қарастыруларыңызды сұраймыз", – деді қылмыскерлердің бірі.
Қылмыскерлердің бұл үндеуіне желі қолданушылары наразылық білдірді.
"Ал олар не күткен еді? Жақсы демалыс орнын ба? Олар, сөзсіз, балалардың ойыны үшін отырмаған шығар? Іс-әрекеттеріңіздің салдарын сезініңіздер. Дегенмен, жалпы, нан беріп жатқандарына қуану керек", "Тар жерде де, кәдiмгiдей адамдар отыр", "Бостандықтағы адамдар да осылай өмір сүрсе де, бұлай шағымданбайды", "Тағы да телефонмен отыр, бөлмені де пердемен жауып қойыпты...", – деп оқырмандар ашуланды.
Редакция тілшісі Атырау облысындағы ҚАЖД қызметіне хабарласып, олар қалай видео түсіруге мүмкіндік алғанын сұрады.
"Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарлайды. ҚАЖ департаметінің Тергеу изоляторы камерасында анықталмаған күдікті азамат өзінің әлеуметтік желіде мекеме тарапынан ұсынылған асқа шағым келтіргені және мекеменің ішкі тұрмыстық жағдайы бейнежазбасына қатысты деректер тіркелді. Қазіргі уақытта аталған бейнежазба бойынша қызметтік тексеріс басталды", – деді Атырау ҚАЖД.
Олар жауапты тұлғалар анықталған соң, заң шеңберінде тәртіп шаралар қолданылатынын мәлімдеді.