Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күн шуақты болады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 5-7 қазанға арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Скандинавиялық антициклонның ықпалымен 5-6 қазанда республиканың батысында, солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады. 

Күндіз батыста күн сәулесі ауаны 23-30 градусқа дейін жылытса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін жетеді.

7 қазанға жақын солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар барады. Сондықтан жауын-шашын желдің күшеюі мен күндізгі ауа температурасының төмендеуі болады.



Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады.

6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.

Талқылау