"Күміс той жасаймыз": Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын бөлісті
Отандық шоу-бизнес өкілі Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан жылдарын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a
Өнер иесінің айтуынша, биыл үйленгендеріне 25 жыл толған.
“Қызымның “Тағы да үйлену той боласыңдар ма не?” дегені қалай кетті. Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, “Күміс тойға“ да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: “Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз” деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын”, – деп жазды өнер иесі.
-
"Артымнан қуып жетті": Қарақат Әбілдина өзі ұзатқан қыздар туралы сыр шертті
-
"Сол құлағына сырға тақпа": Қарақат Әбілдина оқырмандарынан кеңес сұрады
Сондай-ақ әнші айтулы отбасылық мерекені үлкен той етіп атамақшы екендерін де жасырмады.
“Неке тойымызда сендер болмадыңдар , енді сендер көрсін деп тағы бір рет үйленейік” десем,түрі мынау. Әкесі екеуміз шағын ортада ағайын, дос-жаранның арасында күміс тойды атап өтсек пе деп қоямыз”, – деді әнші.
Еске салайық, Қыдырәлі Болман “Алматыда үйленгендер біледі. Той алдында міндетті түрде Медеу мұз айдынына бару – жазылмаған дәстүр еді. Үйлену тойымызға қарап отырып, неше түрлі ойға батып, достарың мен сол кездегі түрлі бастан кешкен әсер еске түседі. От болып жанып тұрған кездер-ай! Ерке кездер-ай”, – деп сағыныш жазбасын арнаған еді.