Күкірт сутегі 11 есе көбейген: Атырау тұрғындары үш күннен бері түтінге тұншыққандарын айтып шағымданды
Фото: Сюжет кадрларынан
Кейінгі күндері Атырауды түтін басты. Экологтар ауада күкірт сутегінің 11 есе көбейгенін айтып, дабыл қағып жатыр. Тұрғындар есік-терезелерін аша алмай тұншыққандарына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрттің себебі – Ақжайық табиғи резерватындағы қамыс өрті. Мемлекеттің қорғауындағы аумақта үш жерден өрт шыққан. Ол мыңға жуық гектар жерді алды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жалынды бірнеше аптадан бері өшіре алмай жатыр.
Ал экологтар қаладағы өндіріс аумағында күкірт сутегінің шамадан тыс, яғни шекті нормадан 11 есе асып кеткенін анықтады. Тұрғындардың айтуынша, кәсіпорындар түтінді пайдаланып ауаға лас қалдықтарын да шығарып қалып жатыр. Дегенмен Экология департаменті зертхана қорытындысынан кейін ғана нақты қорытынды айтатынын жеткізді. Ал "Ақжайық" резерватындағы өрттің шығуына адами фактор себеп болды деген болжам бар.
-
Экологтар Қазақстанға жақындап келе жатқан экологиялық апат туралы дабыл қақты
-
"Қалдықтар су қоймасына құйылады": Ұлытау облысы әкімінің орынбасары індет таралу қаупі туралы айтты
“Өрттің басына барған кезде өрт үш жерден ара қашықтығы 10-15 шақырымда болды. Оған жету өте қиын. Сондықтан меніңше, бүкіл резерваттың пайымдауынша, әдейі, қасақана жасалған әрекет. Қылмыстың бір түрі”, – деді "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің директоры Дәурен Есқабылов.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
