Күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел ақталып шықты

Бразилияда серіктесін өлтірген әйел сотта кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
36 жастағы Эрика Перейра да Силвейра Висенти алқабилер сотының шешімімен кісі өлтіру және мәйітті жасыру айыптары бойынша толық ақталды.
Қорғаушы тарап әйел өз қызын қорғау үшін әрекет етті деп дәлелдеді. Ал прокурорлар оның әрекеті алдын ала жоспарланған, сондықтан жауапқа тартылуға тиіс деген уәж айтқан.
Іс материалдарына сәйкес, Эрика 38 жастағы Эвертон Амаро да Силваның телефонынан өзінің 11 жастағы қызына арналған сексуалдық мазмұндағы хабарламаларды көрген. Кейін ол ер адамды қызымен бірге жатқан жерінен ұстап алған.
Осыдан кейін әйел серіктесінің сусынына клоназепам қосып, ол есінен танған кезде оған бірнеше рет пышақ сұғып, соққы жасаған. Кейін мәйітті бос жатқан жерге апарып, оның жыныс мүшесін кесіп, денесін өртеп жіберген.
Алқабилер қорғау тарапының дәлелдерін сенімді деп таныды. 24 ақпанда шыққан үкім бойынша Эрика барлық айыптан босатылды. Ол сот үкімін күткен бір жыл бойы қамауда болған. Оқиға Бразилия қоғамында кең резонанс тудырды.
Еске салайық, бұған дейін Бразилияда шамамен 19 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты өздерінің туған ағалы-қарындас екенін кездейсоқ білгенін жазған едік. Адриана мен Леандро бала кезінен бөлек өсіп, екеуі де анасын іздеген. 2014 жылы радиобағдарлама арқылы анасы табылған кезде, олардың туыстық байланысы анықталған. Соған қарамастан, жұп бір-бірін сүйетінін айтып, бірге қалуға шешім қабылдаған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Оқыңыз