Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күдіктінің біреуі ақталған: Алматыда фитнес-жаттықтырушыны өлтірген адам екі жылға сотталды

Алматыда фитнес-жаттықтырушы Дамир Төребаевтың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Zakon.kz

Бақытжан Ақышев қажетті өзін-өзі қорғау шараларын асыра орындағаны үшін кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалды. Қылмыс туралы хабарламады деп айыпталған Дәурен Ысқақов сот залында босатылды.

Жарыссөзде прокурор Ақышевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеуді сұрады. Алайда сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, оның қорғаушысы талап еткендей, істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 102-бабы “Қорғаныс мақсатында адам өлтіру" бойынша қарады.


Алматыдағы фитнес жаттықтырушының өлімі: Күдікті 13 жылға бас бостандығынан айырылмақ


"Куәгерлердің, сотталушылардың берген жауаптары, сондай-ақ балта мен есікті қарау нәтижесінде марқұмның қауіпті затпен қаруланып, бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды", – деп түсіндірді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Айыптаушы тарап Ысқақовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот қасақана кісі өлтіру болмағанын анықтағандықтан, Ысқақов ақталып, сот залында босатылды", – деді судья.

Еске салайық, "Fitness Blitz" клубының фитнес жаттықтырушысы 28 жастағы Дамир Төребаев шілденің 18-19 қараған түні атып өлтірген еді. Марқұммен бір хостелде тұратын жігіттер кісі өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді. Дамир Төребаевты өлтірді деген күдікпен Бішкекте 31 жастағы ер адам ұсталды. Сондай-ақ оның бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Талқылау